Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Республикалық байқауда экология және туризм орталығының біріншілігі
11-03-2020 09:36
Республикалық байқауда экология және туризм орталығының біріншілігі

«Үздік қосымша білім беру ұйымы» республикалық қашықтық интернет байқауында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығы І орын алып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Байқауға Қазақстанның 18 қосымша білім беру ұйымы қатысты. Конкурс шарттары бойынша орталық ұйымның қызметі туралы паспорт, медиа-презентация, орталықтың 2019 - 2021 жылдарға арналған «Экология, туризм және өлкетану бағыттары бойынша қосымша білім беру мазмұнын жаңарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша материалдары бар портфолио, қосымша білім берудің интеграцияланған бағдарламаларын жаңарту және іске асыру, балалармен тәрбие жұмысында жаңа тәсілдер мен әдістемелерді қолдану, қызығушылықтары жөнінде жұмыспен қамту бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат берілді.

Орталық 2007 жылдан бастап жұмыс істейді, 10 - 18 жас аралығындағы балалардың бос уақытын қамту 1200-ден астам баланы құрайды, оның ішінде экология бойынша 10 балалар бірлестігінде 400-ден астам оқушы, өлкетану бойынша 8 балалар бірлестігінде 400-ден астам оқушы, туризм бойынша 9 клубта 400-ден астам оқушы қамтылған.