Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары «Ақ шағала» фестиваль - байқауында екі жас категориясы бойынша өз хореографиялық қабілеттерін тексерді, 8 - 12 жас балалар арасында орта жас категориясы, 5 - 7 жас балалар арасында кіші жас категориясы. Мақсаты - хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін,жеке үйлесімін дамытуға, рухани-адамгершілікке және мәдени құндылыққа баулуға жағдай жасау.
Балаларға екі номинация бойынша өнер көрсетуге мүмкіншілік берілді,олардың өнерлері 7 критерий бойынша бағаланды- ұлттық дәстүрді пайдалану және сақтау, нөмердің көркемдік рәсімделуі,образдық айқындылығы, композициялық шешімі, орындау техникасы, жас ерекшелігіне материалдың музыкалық және лексикалық сәйкестігі. Байқауда «Хореографическая постановка на песни в годы Великой Отечественной войны» номинациясында № 40 ЖОМ «Акварель» би ұжымы бас-жүлдеге ие болды, олар «Солдатушки» хореографиялық қойылымын көрсетті. «Народный танец и народно-стилизованный танец» номинациясында «Домбыра үні» би нөмірі үшін № 9 ЖОМ би ұжымы I орынға ие болды, «Хореографическая постановка на песни в годы Великой Отечественной войны» номинациясында №17 ЖОМ «Тамшылар», № 21 ЖОМ би ұжымы II орынға ие болды. «Хореографическая постановка на песни в годы Великой Отечественной войны» номинациясында № 29ЖОМ «Надежда» би ұжымы, «Народный танец и народно-стилизованный танец» номинациясында № 24 ЖОМ «Тұмар», № 36 ЖОМ «Культурная революция» би ұжымы III орынға ие болды. № 17, 28, 30, 35, 39 мектептерінің ұжымы Құрмет грамотасымен марапатталды.