Республикалық қашықтықтан өткен олимпиадада облыс бойынша 32 жүлделі орыннан 16 жүлделі орынға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің психологтары ие болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген турнирге Қазақстанның мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінен 700 психолог қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша қаланың жалпы білім беретін мектептерінің психологтары 2 бірінші орынға, 10 екінші орынға, 4 үшінші орынға ие болды.
I орынды Анастасия Бережная (№ 32 НОМ), Алма Баисова (М. Әуезов атындағы мектеп) иеленді.
II орынды Наталья Малютина (№ 9 ЖОМ), Надежда Терманова, Әсел Жайлауова (№ 11 ЖОМ), Светлана Гессе (№ 14 ЖОМ), Светлана Спиридонова (№ 18 ЖОМ), Динара Баильдинова (№ 20 лицей-мектебі), Азина Ақымбаева (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), Майгүл Сансызбаева (№ 27 ЖОМ), Анжелика Подольская, Эльмира Усенова (№ 36 ЖОМ) психологтары иеленді.
III орынды Меркурий Әбешева (№ 2 ЖОМ), Лиана Овчарова (№ 17 ЖОМ), Жанар Какимова (№ 35 ЖОМ), Ирина Рейфонас (№ 40 ЖОМ) психологтары иеленді.