ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың табиғатты қорғау қызметі
13-04-2020 10:38
Оқушылардың табиғатты қорғау қызметі

  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 10 наурыз - 10 сәуірар алығында өткізілген «Қанатты достар» қалалық акциясының қорытындысы шығарылды. Акцияның мақсаты - оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, аймақта тұратын құстарға қамқорлық көрсету және қорғау. Акцияға жалпы білім беретін мектептердің № 1, 21, 43, 32, 33, 27, 15, 16, 28, 30, 18, 35, 39 1500-ден астам оқушысы қатысты.

   Акция аясында қатысушылар құстарға арналған жасанды ұялар, сирек кездесетін құстар туралы шығармашылық жұмыстарды, суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар, рефераттар, жобалар, Қазақстан құстары туралы бейне-тұсаукесерлер дайындаумен және олардың табиғи ортадағы рөлімен айналысты.

    Акция қорытындысы бойынша І орынды № 43 ЖОМ оқушылары иеленді. Мектеп оқушылары 50-ден астам көркем безендірілген шығармашылық жұмыстарды ұсынды - рефераттар, суреттер мен қолдан жасаған бұйымдарды, 10-нан астам жасанды ұя салды және өз үйлерінің аулаларында іліп қойды, олардың жұмыстары мектеп сайтында, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Твой мир» газетінде орналастырылды.

  II орынды № 21, 32, 39 ЖОМ оқушылары жасанды ұя әзірлегені үшін алды, қатысушылар 10-нан астам ұя ілді, 30-дан астам реферат, Қазақстан аумағында мекендейтін құстар туралы суреттер дайындады.

   III орынды № 33, 16, 1, 28 ЖОМ оқушылары иеленді. Қатысушылар құстар туралы 20-дан астам суреттер, қолдан жасалған бұйымдарды, сөзжұмбақтар ұсынды, аулаларда өздері  дайындады құс ұясын іліп қойды.

   Акция танымдық белсенділікті, өзін-өзі тануды дамытуға, адамгершілік және рухани дамуды қалыптастыруға, табиғат қорғау мен экологиялық білім беру бойынша білімді бекітуге ықпал етті