ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтық оқу талаптарында музыкалық білім беру
15-04-2020 10:09
Қашықтық оқу талаптарында музыкалық білім беру

  Павлодар қаласы Балалар музыка мектебінің мыңнан астам оқушыларына екі апта бойы еліміздің басқа ұйымдарындағыдай сабақтар қашықтық режимде өткізілуде. Мақсаты - оқу үдерісін сапалы әрі қызықты етіп ұйымдастыру.

  Мектеп педагогтары сабақ өткізудің түрлі формаларын пайдалануда. Теориялық пәндер, ұжымдық ән салу сабақтарын өткізу үшін бейне-сабақтарға жазып, мектептің Youtube - каналына салады, жеке сабақтарды WhatsApp арқылы онлайн-сабақ түрінде өткізеді. Сабақтың сәтті өтуі үшін мектеп педагогтары ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, туындаған сұрақтарға жауап береді. Мектептің Инстаграмм желісіне, ата-аналар чатына қашықтық сабақтардың үзінділері, конкурс нәтижелері және мектептегі қызмет туралы ақпараттар үнемі жүктеледі. Педагогтар оқушылар мен ата-аналарға арналған бейне сөз сөйлеулерін, орындауларын жүктеп отырады.

  2020 жылғы 9 сәуірде Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығымен бірлескен «Балалар музыка мектебінің қашықтық талаптарда оқу үдерісіне бейімделуі» онлайн конференциясы өтті. «Педагогтар оқушылардың ата-аналармен бірге педагогтардың қатысуымен музыкалық өнердің әдемі жаратылысына жанаса алуы үшін мектептік концертке бірнеше концерттік номірлер дайындады. Біз біргеміз, ал күш - бірлікте!», - дейді мектеп басшысының м. а Ольга Леонидовна Бобровская.