ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының жеңімпаздары
16-04-2020 09:49
«Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының жеңімпаздары

  Ақтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанның еңдарынды балаларына берілетін «Жас Өркен»республикалық балалар сыйлығының ІІ маусымының жеңімпаздары анықталды. Әр номинацияда екі жеңімпаз анықталды. Оларға гран-при, ал дауыс беру қорытындысы бойынша II орын алған қатысушыға лауреат атағы берілді.

  «Үздік волонтер» номинациясы бойынша № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Данила Рыбин гран-при сыйлығына ие болды. Данила, мектеп белсендісі, мектеп, қалалық және облыстық іс-шаралар қатысушысы, волонтерлік қозғалыстың бастамашысы, «Снежный десант», «Қазақстан мейірімділі каумағы», «Қайырымдылық жәрмеңкесі» аттыакциялардың белсенді қатысушысы.

  «Жас эколог» номинациясы бойынша № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «Жасмин» экологиялық клубының тәрбиеленушісі Дильназ Базарбаева атанды. Клубта 5 жыл жұмыс істейді, 2 жыл бойы «Табиғатты аяла» жас натуралистер мен экологтардың республикалық форумына қатысып, 2019 жылы ІІІ орынға ие болды.«Менің Отаным - Қазақстан» облыстық туристік экспедициясында І орын, «Менің Отаным - Қазақстан» аймақтық ғылыми-тәжірибелік оқушылар конференциясында II орын (2018, 2019 жылдар) алды, «Қанатты достар» қалалық акцияның, «Жасыл әлем» еңбек десантының қатысушысы, жетекшісі орталықтың педагогі Текенова Бақыт Қапасқызы болып табылады. Дильназ мектепте өте жақсы оқиды, биылғы оқу жылында биология пәнінен пәндік олимпиаданың қалалық турында І орын, облыстық - ІІІ орын, Нұр-Сұлтан қаласында өткен орыс тілінен республикалық олимпиадада ІІ орын алды. Ол волейбол және баскетбол бойынша мектеп командаларының құрамына кіреді.

  «Жас патриот» номинациясы бойынша Әуезов атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Дарья Матюшонок жеңімпаз атанды. Ол 2019 жылы 12 тамызда Усолка жағажайында суға шомылуға жабдықталған жерде 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған балаларды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен марапатталды. Ол жағажайдың жағасында, құтқарушылармен бірге жедел жәрдем келгенше реанимациялық шаралар өткізді. 2017 жылы Усолка жағажайындағы суға батушыны құтқару кезіндегі ерлігі үшін ТЖМ жедел-құтқару жасағының алғыс хатымен марапатталды. Ол «Дельфин» құтқару клубының және «Жас құтқарушы» мектеп клубының мүшесі. Дарья мектепте жақсы оқиды, екінші жыл мектеп оқушылар ұжымының президенті. Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» атты конференция, Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп Президенттеріне арналған облыстық форум жұмысына қатысқаны үшін сертификаттары бар.

  Іріктеу кезеңдерінде финалдық дауыс беру және сыйлық лауреаттарын анықтау 1 наурыз бен 12 сәуір аралығында өтті. 14 номинацияға қатысуға еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам өтінім келіп түсті. Дауыс берудің бірінші кезеңіне 126 номинант қатысты. Финалға 56 үміткер өтті.