ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық үздік бейне-сабақ байқауының 18 жүлделі орны
16-04-2020 10:39
Облыстық үздік бейне-сабақ байқауының 18 жүлделі орны

  «Үздік бейне-сабақ» республикалық конкурсының облыстық турының сараптамалық кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша төртінші тоқсанның 11 пәні бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 18 мұғалімдерінің жұмысы облыс бойынша 40 қатысушы арасынан үздік деп танылды.Үздік бейне сабақтар байқауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Өрлеу» білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ тапсырмасы бойынша өткізіледі. Байқауды өткізудің мақсаты - қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалана отырып орта білім беру пәндері бойынша үздік бейнесабақтарды іріктеу.

    Қала мектептерінің мұғалімдері 9 бірінші, 6 екінші, 3 үшінші орынға ие болды. Олардың барлығы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының І, ІІ, ІІІ дәрежелі жеңімпаздарының дипломдарымен марапатталады.

  I орынды №9 гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Андрусь Елена Анатольевна, Абенова Гүлзия Қайырбекқызы, Омарова Лаура Серікқызы, Жакина Айнұр Хамитқызы, Төлебаева Салтанат Бахитқызы М. Әуезов атындағы ЖОМ қазақ, орыс, ағылшын тілі, география пәндерінің мұғалімдері, Серикбаев Алмас Сансызбайұлы,№19 ЖОМ информатика мұғалімі, Қалиаскаров Әлібек Жмажанұлы, Кенжекөл ЖОМ физика мұғалімі, Норпеисова Гүлнара Қазизоллақызы, № 20 лицей-мектебінің химия мұғалімі иеленді.

  II орынды Анушкина Ольга Владимировна, Карабаева Мейрамгүл Мергалымқызы, Тайлакова Айнагүл Ирмекқызы, Латыпова Гаухар Жанатқызы, №28 ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ, №37 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Төлеухан Бақытгүл, Дүйсенбина Гүлсим Амангелдіқызы, № 37 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері иеленді.

  III орын Нұрғалиева Зәмзамгүл Қабдылжалелқызы, Абильханова Гүлсім Амантайқызы, № 28 ЖОМ, № 6 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, Мұхамеджанов Дулат Суннатұлы, М. Әуезов атындағы ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі иеленді.

   Бейне-сабақтар байқауына ұсынылған барлық жұмыстар сапалы дайындалды, ұсынылған тақырыпқа сәйкес болды, сабақ тақырыптары (немесе сабақ үзінділері) толық ашылды. Материалдарды безендірудің жоғары сапасы, бейнематериалдарға қосымшалардың болуы, байқауға қатысушылардың шығармашылық даралығын және бейнематериалдарды дайындаудағы ұстанымдардың бірегейлігі атап өтілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бейнесабақтары республикалық байқаудың ақтық турының сараптамалық кеңесіне жіберілді. Байқау сабақтары қашықтықтан оқыту нысаны жағдайында Қазақстан педагогтары мен қатысушыларының өздері кеңінен қолдану үшін ұсынылатын болады.