ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері
17-04-2020 09:46
Мектепке дейінгі оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері

   Жаңартылған мазмұн бойынша тұрақты жұмыс істейтін семинарлар циклі шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен 2020 жылғы 16 сәуірде қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына арналған «Оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында онлайн-семинары өткізілді. Онлайн тәртібінде қала балабақшаларының 30 педагогы қатысты. Қашықтықтан кездесу 2 тілде өтті. Мақсаты - барлық мектепке дейінгі жастағы балаларды білім беру үдерісіне тарту үшін оқытудың белсенді әдістерін іріктеу, қолдану және бағалау.

   Семинар модераторлары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қ. М. Рахымжанова мен № 11 сәбилер бақшасының тәрбиешісі  Е. Н. Беркетова педагогтарды оқытудың тәжірибелік-бағытталған, зерттеушілік, ойын, рөлдік әдістерімен таныстырып, мектепке дейінгі білім берудің технологияландырылған, тұлғалық-бағытталған, коллаборативтік, релеванттік, мультимодальдік оқыту түрлерін қарастырып талқылады. Бүгінгі күні робототехника, оқыту конструкторлары, 3Д-модельдеу  инновацияларының өзектілігін атап өтті. Семинар болашақта мектеп жасына дейінгі балалардың оқу жұмысын жандандыруға, танымдық, зерттеушілік, шығармашылық әрекетте бастаманы көрсетуге көмектеседі. Семинар педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық тәжірибені өзін-өзі жетілдіру үшін ынталандыруына ықпал етті.