ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш мектепте қашықтықтан оқыту
20-04-2020 09:15
Бастауыш мектепте қашықтықтан оқыту

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 17 сәуірде «Бастауыш мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 30педагогы қатысты. Мақсаты - бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, оқу бағдарламаларын орындау, оқу жүктемесінің көлемін, қарқындылығын бөліп орналастыру.

   Вебинардың модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Ш. Ш. Кайргазина өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №140 бұйрығындағы ұсыныстармен таныстырып, оқу тапсырмаларының көлемі және олардың орындалу уақытына ерекше көңіл бөлді. Практикалық бөлімінде қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшілері № 7, 42  ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері  Г. Р. Кадырбаева Безрукова және тренерлер,  № 17, 28 ЖОМ бастауыш сынып мүғалімдері Ю. А. Жаскей Сайрагуль мен Е. Н Асютина қашықтықтан оқыту кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша математика, қазақ тілі, орыс тілі  пәндерінен өз бетінше оқуға арналған тапсырмаларды дайындау, № 28 ЖОМ бастауыш сынып мүғалімі О. В. Анушкина білім алушылардан кері байланыс жүргізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп ұсыныстар жасады. № 17 ЖОМ бастауыш сынып мүғалімі С. С. Адамбаева мен № 9 ЖОМ директордың орынбасары В. М. Шлейхер қашықтықтан оқыту кезінде ұзартылған күн тобының білім алушыларының өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастырубойынша әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.

  Вебинар педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық тәжірибені өзін-өзі жетілдіру үшін ынталандыруына ықпал етті. Вебинардың материалдары, оқу тапсырмаларының әзірлемелері, бағдарламалары, ұсыныстары қала мектептеріне практикада қолдану үшін бағытталды.