ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеңістің 75-жылдығына арналған оқушылардың шығармалары
20-04-2020 09:44
Жеңістің 75-жылдығына арналған оқушылардың шығармалары

   1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, 2020 жылдың 1 - 16 сәуір аралығында 5 - 11 сынып оқушылары арасында «Ерлікке тағзым» - «Поклление героизму» атты облыстық шығармалар конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Байқаудың мақсаты - оқушылардың бойында адамгершілік-патриоттық көзқарасты қалыптастыру, туған-туысқандары, Отан қорғаушылары мен батырлары, ардагерлер, қатысушылардың жеңіс үшін ерліктері туралы есте сақтау, аға ұрпаққа деген құрметке тәрбиелеу, тарихи естеліктерді құрметтеуге тәрбиелеу.

   Байқауға 47 шығарма түсті. 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Қазылар алқасы қатысушылардың тақырыпты ашып, авторлық ойдың бірегейлігін, сюжеттердің ашылуының тереңдігін, тілдің байлығы мен мәнерлілігін, кең эрудицияны көрсете алғанын, соғыс туралы шынайы фактілерді пайдалана отырып тарихи және мәдени мәнмәтінді білуін көрсете алғанын атап өтті.

   Байқау шарты бойынша 4 үздік шығарма облыстық байқауға жіберілді.Облыстық байқаудың қатысушылары«Арғы атасына теңеу» шығармашы үшін № 28 ЖОМ 10 сынып оқушысы Марченко Татьяна, «Ерлікке тағзым» шығармасы үшін» № 27 ЖОМ 11 сынып оқушысы Афанасьев Тимур, «Ерлікке тағзым» шығармасы үшін»№ 32 ЖОМ 9 сынып оқушысы Саным Иманбек, «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры» шығармасы үшін № 35 ЖОМ 11 сынып оқушысы Хамитова Айзада болды.Өз шығармаларында олар соғыс туралы оқылған кітаптардан мысалдар келтіріп, майданда соғысқан аталар мен соғыс жылдарында майдан үшін үлес қосқан тыл еңбеккерлері туралы ата-аналардың әңгімелерін пайдаланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің естелік дипломдарымен марапатталады.