ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас экологтар құстарға арналған 300 астау жасады
20-04-2020 10:06
Жас экологтар құстарға арналған 300 астау жасады

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Құстарға арналған астаушаны өз қолымен жасау» қалалық қашықтық байқауының қорытындысын шығарды. Байқау 16 наурыз - 10 сәуір аралығында өтті. Байқауға 1000-нан астам бала қатысты. Атап кететін болсақ Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының балалар бірлестіктерінің «Бақшалар әлемі», «Бұлақ», «Гүлстан», «Табиғат және біз», «Атамекен», «Юный краевед», «Юный цветовод» тәрбиеленушілері, жалпы орта білім беру мектептерінің № 21, 43, 32, 33, 27, 15, 1, 16, 2, 28, 30,18, 35, 39 оқушылар мен ата-аналар. Осы кезеңішінде қатысушылар әр түрлі материалдан, түрлі формада, түстен 300-ден астам астаулар жасады, әр қатысушы өз жұмыстарына құстарға қамқорлық жасауға тырысты. Балалар ата-аналарымен бірге байқау талаптарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікпен қарады: тақырыпқа сәй кестігі, астаулар беріктігі, жұмыстарды эстетикалық қабылдануы.

   Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Бақшалар әлемі» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі Касенова Рахиля иеленді. Ағаш бөренеден, фанерадан және рейкадан жасалған үй түріндегі астау пайда болды, шатыры бұрандалармен бекітілген. Азық үшін жайлы «асханаға» құстар кез-келген жағынан түсе алады.

  II орынды Якубова Ксения, «Юный краевед» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі, Стриженко Илья, «Юный цветовод» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі, III орынды Блоха Алина, «Родная природа» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі, Хамитов Айтуған, «Табиғат және біз» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі, Смаилова Жасмин, «Бұлақ» балалар бірлестігінің тәрбиеленушісі, № 39 ЖОМ оқушылар тобы иеленді. «Байқауға қатысу арқылы балалар табиғатқа, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын, құстарға арналған астаушаны жасау арқылы құстарға деген қамқорлығын көрсетті. Байқау еңбек дағдыларын дамытуға, адамгершілік тәрбиені, экологиялық, эстетикалық қабылдауды қалыптастыруға ықпал етті», - дейді орталықтың бұқаралық бөлім меңгерушісі Қасенова Әсия Әбілқайырқызы.