ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
География пәні мұғалімінің жұмыс тәжірибесі республикада кең тарады
21-04-2020 09:11
География пәні мұғалімінің жұмыс тәжірибесі республикада кең тарады

Павлодар қаласының №21 ЖОМ тарих және география пәнінің мұғалімі, жаратылыстану магистрі, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Есмакаева Гүлмира Болатқызының жұмыс тәжірибесі республикада кең тарады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім.kz» республикалық баспада оның таралымы 500 дана «География пәнінен ашық және жабық түрдегі тапсырмалар жинағы» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. «Г. Б. Есмакаеваның авторлық жұмысы ашық және жабық түрдегі Блум таксономиясы негізінде сапалы құрастырылған 162 тапсырмадан тұрады. Педагогтар тарапынан үлкен сұранысқа ие болғандықтан бұл жұмыс екінші тиражға жіберілді», - дейді «Білім.kz» баспаның бас редакторы Д. О. Сариева.

      Гүлмира Болатқызы мектепте 21 жыл жұмыс істейді, ол педагог-зерттеуші, 2016 жылдан бастап педагогикалық шеберлік орталығының тренері, БҰҰ UNODC «Тату отбасы» халықаралық бағдарламасының тренері, БҰҰ-ның Ауғанстан мен UNODC көрші елдер үшін есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Қазақстан Республикасының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ, педагогикалық шеберлік орталығының (2016 - 2019 жылдар) алғыс хаттарымен атап өтілді, қалалық және облыстық «Жыл мұғалімі - 2017», «Жыл мұғалімі - 2018», «Шабыт» номинациясы бойынша облыстық конкурстардың жеңімпазы, «Көптілділік бойынша үздік сабақ - 2019», «Педагогикалық шеберлік - 2020» конкурстарының жүлдегері. Оның мақалалары мен баяндамалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жинақтарына енді. «12 жылдық білім беру - 12-летнее образование» ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдау журналы (2019 жыл № 1), «Білімді ел - Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық-саяси газеті (2019 жыл № 7).