ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі туралы балалар суреттері
21-04-2020 09:22
Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі туралы балалар суреттері

  2020 жылдың 15 сәуіркүні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай патриоттық айлық аясында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде «Сәлем, Жеңіс!» атты балалар суреттерінің желідегі блиц-байқауы өткізілді. Мақсаты - оқушыларда Ұлы Отан соғысындақаза тапқандарды мәңгілік есте сақтау және әрқашан құрметтеу сезімін тәрбиелеу. Байқауға жалпы орта білім беру мектептерінің 50-ден астам оқушылары мен Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты.

  Жас суретшілер жұмыстарын гуашь, фломастерлер және түрлі-түсті қарындаштар қолдана отырып, әртүрлі тәсілдермен орындады. Қатысушылар өз суреттерінде байқау тақырыбын ашып, патриоттық, мақтаныш сезімдері мен кеңес әскерінің ерлігі алдында бас иетіндігін жеткізе алды. Суреттерде сарбаздардың бейнелері, қоштасу сюжеттері, соғыссыз өмірдің суреттері, бейбітшілік балалық шақ көрсетілген.

  Байқау шарттары бойынша 12 қатысушы жүлделі орынға ие болды, солардың ішінде 9 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, сонымен қатар 3 номинант анықталды.

  І орын иегерлері «Қоштасу» жұмысының авторы, М. Әуезов атындағы ЖОМ оқушысы 12 жасар Аянат Сарсембаева, «Соғыстың бірінші күні» жұмысының авторы 11 жасар Валерия Дуденко (№ 26 ЖОМ), және «Ешкім ұмытылмас» жұмысының авторы 12 жасар Александра Кузнецова атанды.

  ІІ орынға «Соғыссыз әлем...» суретінің авторы Кенжекөл ЖОМ оқушысы 10 жасар Жамилә Кемер, «Мәңгі естелік» жұмысының авторы 10 жасар Алина Галета (М .Әузов атындағы ЖОМ), «Совет жауынгеріне құрмет!» жұмысының авторы көркемсурет мектебінің оқушысы 11 жасар Руслан Кашперко ие болды.

  ІІІ орын иегерлері «... Жеңіс үшін рахмет!» жұмысы үшін № 39 ЖОМ оқушысы 10 жасар Шыңғысхан Қабдолда, «Жеңіс күні!» жұмысы үшін 11 жасар Лилия Зиновьева (№26 ЖОМ), «Жеңіс көктемі!» жұмысы үшін 12 жасар Антонина Демченко (№ 21 ЖОМ) атанды.

  «Плакат» номинациясында І орынға № 27 ЖОМ оқушысы 10 жасар София Зайнутдинова, ІІ орынға 10 жасар Жанна Дорощук (№ 27 ЖОМ), ІІІ орынға 12 жасар Эвелина Галипад (№ 21 ЖОМ) ие  болды.

  Сонымен қатар қазылар алқасы келесі 10 қатысушының жұмыстарын атап бағалады: № 2 ЖОМ оқушысы 12 жасар Айдана Ізбасар, 11 жасар София Кисенко (№ 5 ЖОМ), 12 жасар Илья Кравченко (№ 18 ЖОМ), 11 жасар Алина Закарина (№ 1 ЖОМ), 13 жасар Карина Москалева (№ 21 ЖОМ), 12 жасар Аружан Берекелі (№ 9 ЖОМ), 10 жасар Дильназ Алькеева (№ 38 ЖОМ), 14 жасар Милана Бейсембаева (Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ), 12 жасар Нұрай Калыкова (№ 2 ЖОМ), 11 жасар Полина Колесниченко (№ 9 ЖОМ). Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломы ұсынылады.