ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жігер» клубының жасөспірімдері қызығушылық бойынша оқуды жалғастыруда
22-04-2020 09:47
«Жігер» клубының жасөспірімдері қызығушылық бойынша оқуды жалғастыруда

Қашықтықтан оқыту білім беру форматы ретінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының 480-ден астам тәрбиеленушісіне өздері таңдаған бағытпен айналысуды жалғастыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні клуб педагогтары қызметінің бағыттары бойынша бағдарламалық материалдарды игеру үшін қашықтықтан видео бағыттар, виртуалды экскурсиялар, қашықтықтан байқаулар, интернетті пайдалана отырып жеке кеңестер береді.

Клуб тәрбиеленушілері бисер өрмелеумен, вокалмен, күреспен, сурет салумен, ағылшын тілін үйренумен айналысуда. «Вокал» үйірмесінде оқушылар тыныс алу гимнастикасы, диафрагманың дамуы және әр түрлі ән айту түрлері бойынша әдебиетті өз бетінше зерттейді. Оқушылар педагог тікелей WhatsApp арқылы берген бейне сабақтың жаттығуларын орындайды.

Каратэ секциясында сабақтар жалғасуда. Жаттықтырушы онлайн жаттығуларды өткізеді, қатысушыларға жаңа тәсілдерді қолданып бейне жібереді, әр тәрбиеленушімен кері байланыс жасайды. Клуб педагогтары ата-аналармен бірге тәрбиеленушілердің қосымша білім беру бағдарламасын меңгеруі бойынша жұмыс жүргізеді.