ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қыс бейнесі балалардың көзімен
22-04-2020 10:15
Қыс бейнесі балалардың көзімен

   «Халықаралық ғылыми тәжірибе» Республикалық қашықтық олимпиадалар орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай балабақша бүлдіршіндері арасында Абай өлендерін суреттеу «Қыс бейнесі» байқауы өтті.

  Осы байқауға Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы - «Zamanstar» оқыту-дамыту орталығы тәрбиеленушілерінің 30 жұмысы қатыстырылып, барлығы жүлделі орынға ие болды. 16 бала 1-ші орын, 14 бала 2-ші орын иеленді. Өз суреттерінде бүлдіршіндер ақынның шығармаларына иллюстрациялар ұсынды. Балалардың әсем және жарқын жұмыстары акварельмен, гуашьпен, граттаж техникасымен, жармамен, тұзбен орындалды.

  Балабақша педагогтары Гүлнұр Сағидоллақызы Нұрахметова, Қайырпану Жұманқызы Жуманова, Дариға Жалбырқызы Ашимова, Гулия Қыдырбекқызы Аязбаева, Бақыт Қизатқызы Касибаева «Дана Абай, дара Абай» тақырыбына эссе жазып, І, ІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. Балаларды байқауға дайындағаны үшін педагогтар Айгерім Муслимқызы Жапарова, Салтанат Сағындыққызы Нұрмағамбетова, Күлбагира Хамитқызы Смагулова, Торғын Құдайбергенқызы Хамитова, Гүлнұр Баймаханбетқызы Бекболатова Алғыс хаттармен марапатталды. Жоғары дәрежелі көрсеткіштері және байқауға атсалысқаны үшін балабақша басшысы Ботагөз Қайыржанқызы Темирбекова «Абай Құнанбайұлы 175 жыл» медалімен марапатталды.