ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық көркем байқаудың жүлдегерлері
23-04-2020 09:06
Республикалық көркем байқаудың жүлдегерлері

   Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары «Көктемді қондырып қанатына...» атты республикалық көркем байқаудың жүлдегерлері атанды. Айым Айтжанова, байқаудың ІІІ дәрежелі лауреаты, Нуртазина Малика, III дәрежелі дипломның және «Көрермендер көзайымы» номинациясының иегері. Олар медаль, кубоктар, дипломдар мен сыйлықтар алды. Байқау 15 - 18 сәуір аралығында Алматы қаласында өтті, ұйымдастырушы «Жұлдызды қолтаңба» республикалық шығармашылық орталығы. Байқауға 7 номинация бойынша Қазақстанның 100-ден астам балалары қатысты.

   Малика мен Айым 3-ші сыныпта оқиды. Байқауға Анастасия Егорованың сөзіне мен музыкасына жазылған «Әже» әнінің бейне ролигін жіберді. Ол вокалмен 6 жастан бастап вокал бойынша мектеп үйірмесінде айналысады. Мектепте жақсы оқиды, кітап оқумен айналысады.

  Айым байқауға Рүстем Серікұлының сөзіне мен музыкасына жазылған «Ертегілер» әнінің бейне ролигін жіберді. Ол 7 жастан бастап мектеп үйірмесінде вокалмен айналысады. Мектепте жақсы оқиды, мектепте би үйірмесіне қатысады, ағылшын тілін оқиды.

   Олар 2017 жылы республикалық «Дионис» фестивалінде гран-при жеңіп алды. Нұр-Сұлтан қаласында өткен (2018 жыл) «Самғау» халықаралық байқауының лауреаттары атанды. Көркем жетекшісі Сейсембинова Диляра Миндигалиева, мектептің музыка мұғалімі. Мектепте 20 жылдан астам жұмыс істейді, жоғары санатты мұғалім, Астана қаласындағы «Gold Star» республикалық байқаудың диплом иегері (2017 жыл), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Самғау» халықаралық байқаудың лауреаты (2016, 2018 жылдар), 2019 жылы «Лазурный берег» І халықаралық фестивальдің диплом иегері, 2019 жылы оның есімі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Табыс» құрметті қызметкерлерінің кітабына енгізілді.