ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай туралы республикалық онлайн олимпиаданың жеңімпазы
23-04-2020 10:04
Абай туралы республикалық онлайн олимпиаданың жеңімпазы

  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі Жергасинова Жанара Есенқызы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай - ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты республикалық онлайн олимпиадада І орын алып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жанара Есенқызы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы барлық 20 тест сұрақтарына дұрыс жауап берді.

    Клубта ол 4 жыл бойы жұмыс істейді, екінші санатты педагог, қазақ тілі үйірмесін жүргізеді. Оның тәрбиеленушілері және педагогтың өзі үнемі республикалық, облыстық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 2019 жылы № 17 ЖОМ 4 сынып оқушысы Мұқанова Малика, № 22 ЖОМ 2 сынып оқушысы Смаканов Аль Рахим ІІ дәрежелі диплом, № 25 ЖОМ 5 сынып оқушысы Тұяқпай Сания «Oizerek» қашықтықтан өткен шығармашылық байқауда «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Аль Рахим I халықаралық «Лазурный берег» фестивалінде «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом, II халықаралық «Жаңа жылдық қарбалас» фестивалінің жеңімпазы. Осы байқауға балаларды жақсы дайындағаны үшін педагог осы байқаудың алғыс хатымен марапатталды.