ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қосымша білім берудің білім беру үдерісін іске асыру
24-04-2020 09:22
Қосымша білім берудің білім беру үдерісін іске асыру

  Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 21 сәуірде Zoom бағдарламасы бойынша «Қашықтықтан оқыту жағдайында қосымша білім берудің білім беру үдерісін жүзеге асыру» бойынша онлайн отырысты өткізді. Қалалық қосымша білім беру ұйымдары басшыларының 10 орынбасарлары, балалар-жасөспірімдер клубтарының 17 меңгерушілері қатысты. Вебинардың модераторы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері М. К. Қасенуалиева болды.

   Отырыста қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында мектептен тыс ұйымдар қызметінің бағыттары бойынша білім беру үдерісін жүзеге асыру, Zoom, Google, classroom, WhatsApp мессенджер платформаларының көмегімен білім алушылармен жұмыс істеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. М. К. Қасенуалиева педагогтың білім алушылармен желілік қарым-қатынас шарттары туралы, оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, электрондық оқу-әдістемелік кешендерді құрастыру, бейне және онлайн сабақтарды, онлайн лекцияларды, онлайн конкурстарды, онлайн викториналарды, жеке консультацияларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы әңгімеледі. Онлайн режиміндегі сабақтар оқушыларға өздері таңдаған бағытта оқу бағдарламалары бойынша айналысуды жалғастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

  Онлайн режимінде ата-аналармен кездесулер, отбасылық қашықтықтан өтетін концерттер, сынып сағаттары, әңгімелесулер өткізіледі. Қосымша білім беру ұйымдарында қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысу үшін оқушылардың бейне фильмдерін дайындау жүзеге асырылады.