ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйым педагогтары облыстық конкурсының І кезеңнің қорытындысы
24-04-2020 09:27
Мектепке дейінгі ұйым педагогтары облыстық конкурсының І кезеңнің қорытындысы

   «Мектепке дейінгі ұйым педагогы - 2020» облыстық конкурсына Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің 5 педагогы қатысуда. Конкурстың 2020 жылдың 23 сәуірдегі І кезең қорытындысы бойынша барлық қатысушылар ІІ кезеңге жолдама алды. Конкурстың ережесі бойынша қатысушылар «Визит картасы» бейнеролигін және «Кәсіби досье» әдістемелік портфолиосын ұсынды.

   Қатысушы педагогтар № 20 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Ырым Сағатқызы Амирбекова, № 29 сәбилер бақшасы - «Мерей» білім беру-дамыту орталығының тәрбиешісі Зарина Жабраилқызы Кузьгова, № 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Алия Мақсұтқызы Кабдулова, № 33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Ботагоз Серікқызы Бакеева, №96 сәбилер бақшасы - «Радуга» үйлесімді даму орталығының тәрбиешісі Лидия Сергеевна Алейникова. ІІ кезеңде олар ашық оқу қызметін ұсына отырып, өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсетулері керек. Конкурс 3 кезеңнен тұрады.