ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар республикалық экологиялық байқауына қатысу
28-04-2020 09:09
Балалар республикалық экологиялық байқауына қатысу

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының «Балшуақ» клубы «PavLigne» дизайн студиясының тәрбиеленушілері Ақсу қаласының өнер мектебінде «Птичий перезвон» балалар суретінің X республикалық экологиялық байқау-фестиваліне 4 сурет ұсынды.Мақсаты - өлкенің табиғи байлықтарына ұқыпты қарауды қалыптастыру, халықаралық құстар күнін, құстар туралы білімді насихаттау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  2020 жылдың 10 сәуірінде байқаудың қорытындысы бойынша «Отбасылық әңгіме» суреті үшін 8 жастағы № 29 ЖОМ 2 сынып оқушысы Адылбекова Дарико IV орынды иеленді. Жетекшісі Серенькова Анастасия Николаевна. Жұмыс гуашьпен, аралас техникамен орындалды.Өз жұмысында ол солтүстік пингвиндерді, олардың отбасылық достастығын, полярлық жарқыраудың құпиясын және солтүстік полюстің суық кеңістігін бере алды.Байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалау критерилерінде орындау техникасы, жаңашылдығы мен өзектілігі, таңдалған тақырыпты толық баяндау, бейнелілігі, бірегейлігі ескерілді.