ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық онлайн-конференцияға қатысу
28-04-2020 10:53
Республикалық онлайн-конференцияға қатысу

  «Туристік-өлкетану бағытындағы білім беру үдерісін ұйымдастыру» атты республикалық онлайн-конференцияның жұмысына 2020 жылғы 24 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының өкілдері қатысты.

  Вебинардың жұмыс кезеңінде қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша жұмыстармен алмасты. Басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жанна Қайыргелдіқызы Темірова «Туризм» бағыты бойынша интернет-ресурстарды қолдану арқылы тиімді сабақтарды әзірлеу бойынша орталықтың жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Туристік көп сайыс» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қатысушыларды оқушыларға арналған маршруттық парақпен таныстырды. Педагог әзірлеген нұсқаулықтар бағытталған сипаттағы интернет-сілтемелерді пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде тапсырмаларды орындау үшін уақытты ұтымды бөлуге мүмкіндік береді. Педагог дайындаған тақырыптық видеороликтерді ерекше ресурстармен атап өтуге болады.