ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық байқаудың 19 үздік оқу-әдістемелік құралы
04-05-2020 09:53
Облыстық байқаудың 19 үздік оқу-әдістемелік құралы

   «Ең үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық байқауда Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының педагогтары байқаудың барлық төрт басым бағыты бойынша 19 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде бірінші орын - 5, екінші орын - 8, үшінші орын - 6. Байқауға облыстың 23 педагогі қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақтың білім беру ортасы» (сабақ, оқу сабағы, білім беру бағдарламасы) бағытындағы байқаудың қорытындысы бойынша I орын - Евгения Алексеевна Рамазанова (№ 6 ЖОМ), Литвинчук Марина Николаевна (№ 26 ЖОМ), Блок Наталья Леонидовна (№ 13 ЖОМ), II орын - Орлова Ирина Евгеньевна (№31 сәбилер бақшасы), Щербакова Наталья Витальевна, Петрова Валентина Даниловна (№ 40 ЖОМ ), Загравская Кристина Дмитриевна (№ 36 ЖОМ).

  «Психологиялық-педагогикалық диагностика: мәселелер, ізденістер, шешімдер» бағытында I орынды Нұрахметова Шолпан Саменқызы (Павлодар қаласы білім беру бөлімі) және педагог-психологтардың шығармашылық тобы (№6, 14, 28, 32 ЖОМ) иеленді.

  «Түзету-дамыту оқыту» бағытында II орынды Романова Екатерина Юрьевна (көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі №82 балабақша). III орынды Жұмадилова Нағима Тұяққызыа (№ 14 ЖОМ), Курбанова Марина Викторовна (көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі №82 сәбилер бақшасы), Асылбек Жанбота (№40 ЖОМ), Атласевич Светлана Михайловна (№ 17 сәбилер бақшасы) иеленді.

  «Білім жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» бағытында Нұрахметова Шолпан Семенқызы (Павлодар қаласы білім беру бөлімі) және логопед-мұғалімдердің шығармашылық тобы (№ 2, 9, 15, 24, 26, 34, 39, 40 ЖОМ) иеленді. II орынды Скляренко Анна Викторовна (№ 29 ЖОМ), Карпова Лариса Петровна (№ 34 ЖОМ), Прокопенко Татьяна Александровна (№ 15 ЖОМ), III орынды Косыгина Инна Владимировна (К. Макпалеев атындағы ЖОМ), Смаилова Салтанат Ерсинқызы (№ 10 сәбилер бақшасы) иеленді.

 Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың білім беру басқармасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.

  Байқауға қала педагогтарымен облыстың 68 жұмысынан 39 жұмыс (авторлық ұжымдармен 13 жұмыс, 55 жұмыс жеке), оның ішінде мемлекеттік тілде - 17, орыс тілінде - 49, ағылшын тілінде - 2 жұмыс ұсынылды.

  Байқауды білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы 2020 жылғы 6 сәуір мен 17 сәуір аралығында өткізді. Мақсаты - жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы және инклюзивті білім беру педагогтарының әдістемелік-дидактикалық құралдарын, оқу пәндерінің бейімделген бағдарламаларын құру бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау. Байқауға жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы және инклюзивті білім беру педагогтары қатысты. Облыс педагогтары байқауға оқу-әдістемелік әзірлемелерді, жұмыс дәптерлерін, пәндер бойынша бағдарламаларды, дидактикалық ойындар мен жаттығуларды, тренажерлерді, үйірмелер мен түзету сабақтарының бағдарламаларын ұсынды. «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, ЖОО ғалымдары, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары қатысқан қазылар алқасы байқау жұмыстарын бағалады.