ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан халқының бірлігі туралы жас оқырмандар
04-05-2020 11:54
Қазақстан халқының бірлігі туралы жас оқырмандар

   2020 жылғы 30 сәуірде  Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Қазақстан халқының  бірлігі Күніне арналған «Біз біргеміз»атты қалалық қашықтық мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  Мақсаты - әдебиет саласында шығармашылықпен айналысатын талантты  оқушыларды  қолдау. Қаланың 23 жалпы білім беру мектептерінің 1 - 4 сыныптың  157 оқушысы  қатысты. 

  «Біз біргеміз» тақырыбына қазақ, орыс, ағылшын тілінде басқа классиктердің, өздері шығарған  өлеңдері оқылып, бейнероликке  жазылды. Балалардың ұсынып отырған жұмыстары ерекше сюжетімен ерекшеленді. Бейнероликтерді іріктеу кезінде әділ қазылар шығармашылыққа, ерекшелігіне, мазмұнына, тақырыпқа сәйкестігін, көркемдік және эстетикалық деңгейін, эмоционалдық қабылдауын  және оқу кезіндегі әртістілігін ескерді.

   Конкурс қорытындысы бойынша 59 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынға 4 оқушы, II орынға - 18 оқушы, III орынға - 31 оқушы. «Шеберлі орындау» номинациясында «Достығымыз жарасқан» тақпағы үшін - Жетекші ЖОМ 1 сынып оқушысы Сапар Инкар, «Отан» тақпағы үшін - №24 ЖОМ 2 сынып оқушысы Алтайбаева Инкар, «Менің Отаным - Қазақстан» тақпағы үшін №39 мектептің 3 сынып оқушысы Сүлейменова Адель марапатталды. «Әртістілік» номинациясында «Біздің күшіміз бірлікте!» тақпағы үшін №43 ЖОМ 4 сынып оқушысы Реснянский Елисей, «Шынайы орындау» номинациясында «Бейбітшілікте өмір сүрейік!»  тақпағы үшін - № 27 ЖОМ 3 сынып оқушысы Гульванский Давид, «Өзіндік ерекшелік» номинациясында «Халықтар достығы» тақпағы үшін - №18 ЖОМ 4 сынып оқушысыВолошина Карина марапатталды.

  «Бірлік күні маңызды мереке!» өзінің шығарған тақпағы үшін І дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Гусейнов Руслан, «1 Мамыр - бірлік күні» тақпағы үшін М. Әуезов атындағы мектептің 1 сынып оқушысы Асанов Амирхан, «Нұрлы күн» тақпағы үшін Б. Момышұлы атындағы мектептің 2 сынып оқушысы Төлегенова Бибігүл, «Қазақстан жерінің жылылығы» тақпағы үшін №16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Ерсаинова Адия марапатталды.