ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бұл күндердің даңқы өшпес...
06-05-2020 08:52
Бұл күндердің даңқы өшпес...

   2020 жылғы 29 сәуірде Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Алтын бұлақ» қашықтық конкурсы өтті. Мақсаты - оқушылардың шығармашылығын қолдаужәне олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбиесіндамыту, соғыс ардагерлерінің қаһармандық ерліктерін құрметтеуге баулу. Конкурсқа жеке және ансамбльдік ән салу бөлімінің 33 оқушысы қатысты.

 Әділ қазылар құрамындағы Михаил Григорьевич Никитенко, Малика Равильевна Казмагамбетоважәне Гаухар Абдыкешовна Исакова конкурсқа қатысушыларды вокалдық нөмірлерінің бейнежазбалары бойынша бағалады. Қатысушылар соғыс жылдарындағы бәріне таныс сөзі Евгений Аграновичтікі Рафаил Хозактың музыкасына жазылған «От героев былых времен», сөзі Василий Аксёновтікі, Александр Журбиннің музыкасына жазылған «Тучи в голубом», сөзі Расул Гамзатовтікі, Яна Френкелдің музыкасына жазылған «Журавли», сөзі Яков Шведовтікі, Анатолий Новиковтың музыкасына жазылған «Смуглянка» өлеңдерін орындады.

   Конкурс нәтижелері бойынша 27 конкурсқа қатысушы жүлделі орындарды иеленді, олардың ішінде I орын - 9 оқушы, II орын - 9 оқушы, III орын - 9 оқушы. Жоғарғы жастық топта I орынды Рауш Арианна (педагогы Миронец Ксения Владимировна), Исатаева Адия (педагогы Процкая Наталья Викторовна) иеленді. Ортаңғы жастық топта I орынды Имангулов Аргын, Усина Дәния (педагогы Миронец Ксения Владимировна), Токатова Веста (педагогы Кабурнеева Наталья Георгиевна), Биғали Ескендір (педагогы Макышбаева Гульнафис Тулеубековна), Қалел Рамазан және Секербаев Әлішер (педагогы Аллахвердиева Дарига Булатовна) иеленді. Кіші жастық топта I орынды Шишкина Карина (педагогы Процкая Наталья Викторовна) иеленді.

  Солардың ішінде 2019 жылғы халықаралық конкурстардың лауреаттары мен жеңімпаздары:«Творческая осень» конкурс-фестивалі -Дәния мен Аргын,«Dionis»II фестивалі -Арианна,«Жас Дарын»VII көпжанрлы өнер конкурс-фестивалі - Рамазан. Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, конкурсқа қатысқандар қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.