ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз бейбітшілік аспан астында тұрғымыз келеді
06-05-2020 09:24
Біз бейбітшілік аспан астында тұрғымыз келеді

   Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен жалпы білім беру мектептерінің  5 - 7 сынып оқушылары арасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75-жылдығына арналған «Біз бейбітшілік аспан астында тұрғымыз келеді» онлайн-конкурсы өткізілді. Мақсаты - Отан  қорғаушылары  соғыс ардагерлеріне  деген   құрмет, Ұлы Отан соғысы  жылдарындағы  кеңес халқының батыл ерлігі үшін мақтанышы мен патриотизмін  тәрбиелеу.Конкурсқа  № 2, 9, 11, 16, 26, 27, 33, 36, 39, 40, 41 жалпы білім беру мектептерінің 5 - 7 сыныптың 33 оқушысы қатысты. Конкурс екі номинация бойынша өтті.

  Конкурс қорытындысы бойынша «Жеңіс күніне арналған сахналанған ән» номинациясының I орынға «Звездные розы» өлеңінің сахналық қойылымы үшін  № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы  Усина Дәния және оның ата-анасы иеленді. Дәния «Осень», «Звёздный листопада», «Dionis» қалалық, халықаралық музыкалық конкурстардың  қатысушысы, оның  орындаулары   диплом, грамота, медаль және алғыс хаттармен белгіленді.

 «Вокалдық және музыкалық шығармашылық» номинациясында І орын сөзі мен музыкасы Татьяна Ананьиның «Победная весна 45» өлеңін орындаған № 26 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ианенко Аринаға берілді. № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы  Асен Альдиярдың запастағы полковник, ұлттық қауіпсіздік органының зейнеткері атасы А. К. Кинашевқа арнаған авторлық орындау шеберлігін атап өтуге болады. Алдиярдың музыкалық авторлық бейнеклипі өзінің Ютуб парақшасында орналастырылған. 2019 жылы ол астанаға арналған республикалық  конкурсқа қатысты. Оның орындауында «Нұр-Сұлтан - Қазақстан астанасы» өлеңі орындалды.          

  Бейне ролик конкурсында номинация иегерлері:«Лучший монтаж видео» Тренин Артур (№ 11 ЖОМ), «Самое информативное видео» Рамазан Исмаил (№ 16 лицей-мектебі), «Нерушимая Память» Сельванович Виктории (№ 27 ЖОМ), «Помним и гордимся» Тортаева Камила (№ 36 ЖОМ),«Помним путь твой военный, герой» Асен Алдияр, «Счастливый май» Щиканов Константин, «Лица победы» Бергенова Дара, «Никто не забыт» Агзамов Асанали, «Оригинальный видеоролик» Едымбаева Дильяра, «Спасибо за мирное детство» Беркутов Фархат, «Наследники победы» Кушербаева София (№ 39 ЖОМ), «Лучший образ»  Йеншке Лаурина (№ 40 ЖОМ, «За  лучший артистизм» Биянова Даниля, «Отражение Победы» Чернова София ( № 41 ЖОМ).