ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас таланттардың орындауындағы бард әндері
11-05-2020 08:49
Жас таланттардың орындауындағы бард әндері

   2020 жылғы 4 мамырда Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің қашықтық алаңында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 75-жылдығына арналған «Аккорды радуги - 2020» бард әндерінің Vөңірлік балалар-жасөспірімдердің қашықтық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Фестиваль мақсаты авторлық әндер жанрында талантты, шығармашыл ойлайтын жастар санатынан шығармашылық деңгейдегі авторлар мен орындаушыларды қолдау, қазақстандық патриотизмді және азаматтықты тәрбиелеу.

  Фестивальге Ресейден Геленджик, Нұр-Сұлтан, Ақсуқалаларының, Аққулы ауданының Ямышево ЖОМ, №4, 18, 24, 28, 34, 39, 40, 41, 43 жалпы орта мектептерінің, № 9 гимназия-мектебінің, колледждердің, Павлодар қаласының қосымша білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің командалары қатысты. Байқау төрт жас санаты бойынша өтті: 12 жасқа дейін, 13 - 15 жас, 16 - 18 жас, 19 - 25 жас.

  Фестиваль 69 ең жарқын және талантты қатысушыларды жинады. Қазылар алқасы вокалдық деректерді, орындау мәдениетін, музыкалық аспапты меңгеруін, артистизм және репертуардың бард жанрына сәйкес келуін ескере отырып 41 бейнероликті көріп баға берді. Байқау іріктеу турынан және көрермендер мен қатысушылардың өздері үшін жарқын мереке болған қорытындылау турынан тұрды.

   Өзінің музыкалық сәлемімен қазылар алқасының мүшесі, Ертіс өңірінің барды Татыбав Мираз Манапович «Посвящение друзьям» авторлық әнін орындап жас бардтарды таң қалдырды. Нұр-Сұлтан қаласының «БЖТжӨ» музыкалық орталығының тәрбиеленушілеріТкачук Ярослав, Хамиулина Аяна, «Серебряные струны» авторлық әндер клубының мүшесі Бает Айгерим, Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің оқушылары Левченко Леонид, Гаврина Дарья 5 жыл бойы фестиваль қатысушылары болып келеді. Олар талантты орындауымен, өздері шығарған әндерімен қуантып келеді. Қатысушылардың орындауында анаға, достарға, туған жеріне деген махаббат туралы әндер, Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған әндер шырқалды.

 Фестиваль-байқаудың нәтижелері, жеңімпаздардың дипломдары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушы сертификаттары 2020 жылғы 8 мамырға дейін музыкалық жетекшілердің электронды поштасына жіберіледі. Фестиваль жеңімпаздары күзде «Аккорды радуги - 2020» гала-концертінде Ертіс өңірінің танымал бардтары М. Р. Каримовамен, А. В. Казаковпен, М. М. Татыбаевпен бірге  өздерінің музыкалық шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік алады.