ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Олимпиада қоржынында 13 жүлделі орын
11-05-2020 09:07
Олимпиада қоржынында 13 жүлделі орын

   2020 жылғы 23 - 29 сәуір аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт  пәндері бойынша Республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасына 15 мыңнан аса Қазақстанның 7 - 8 сынып оқушылары, сонымен қатар қалалық команда құрамында  Павлодарқаласының  жалпы білім беру мектептерінен № 7, 9 (2), 13, 17 (2), 24, 29,  34 (2), 38 (2), 43, № 16лицей-мектебі  (2)  15 оқушы  қатысты. Мақсаты - олимпиадалық  дайындыққа оқушыларды ертерек баулу, талантты оқушыларды қолдау. Олимпиада Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен  өткізілді.  Олимпиада ережесіне сәйкес 2 турдың жалпы санынан қатысушылардың 45%   I, II, III  дәрежелі дипломмен марапатталады.

   Конкурс қорытындысы бойынша қаланың 13 қатысушы диплом иегері, оның ішінде 5 оқушы 7 сынып (оның қатарында 1 оқушы 5 сынып, 1 оқушы 6 сынып) 8 оқушы - 8 сынып. 

  8 сынып оқушылары арасында I дәрежелі дипломмен  Бехтина Ангелина (№ 34 ЖОМ) және Троян Леонид (№ 9 ЖОМ)  марапатталды.

  Ангелина 2019 жылғы қалалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері, 2020 жылғы математика бойынша облыстық олимпиада жүлдегері және қалалық жеңімпаз. Ш. С. Смагулов атындағы республикалық олимпиада жеңімпазы, жаратылыстану-математикалық бағыт  пәндері бойынша халықаралық қашықтық олимпиаданың бірнеше қатар жүлдегері (2018, 2019 жылдар). Сонымен қатар Ангелина  жүзу бойынша спорт шеберінің кандидаты, өз жас санатында жүзу бойынша Қазақстан чемпионы. Троян Леонид республикалық жасөспірімдер олимпиадасында (2019 жыл) және 2020 жылы - қалалық жасөспірімдер олимпиадасында II орын алды.

  8 сынып оқушылары арасында II дәрежелі дипломмен Ананьев Илья (№ 24 ЖОМ), Ботай Аман (№ 29 ЖОМ), ІІІ дәрежелі дипломмен  - Семенов Александр (№ 16 лицей-мектебі), Юхтовский Данил, Смагин Александр (№ 17 ЖОМ), Тұрлығазы Динара ( № 7 ЖОМ) марапатталды.

  7 сынып оқушылары арасында II дәрежелі дипломмен Тілеубекұлы Мұстафа, 5 сынып оқушысы  № 38 (НОМ), Савельева Елизавета ( № 43 ЖОМ), ІІІ дәрежелі дипломмен - Шавловская Виктория, 6 сынып оқушысы (№13 ЖОМ), Абишев Нариман (№ 34 ЖОМ), Кремер Милана (№ 16 лицей-мектебі) марапатталды.