ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Соғыс ардагерлерінің қаһармандық ерліктерін біз ұмытпаймыз
12-05-2020 10:39
Соғыс ардагерлерінің қаһармандық ерліктерін біз ұмытпаймыз

   2020 жылғы 4 - 10 мамыр аралығында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біздің есімізде...» музыкалық құттықтау мен эссе конкурсы өтті. Мақсаты - оқушылардың шығармашылығын қолдау және олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбиесіндамыту, соғыс ардагерлерінің қаһармандық ерліктерін құрметтеуге баулу. Конкурсқа балалар музыка мектебінің 86 оқушысы қатысты.

   Конкурста париоттық тақырыптағы заманауи авторлардың эссе, өлеңдері, әскери жылдардағы әндері ұсынылды. Мектеп педагогтары құрамындағы әділ қазыларға үздіктердің ішіндегі ең үздігін таңдау оңайға соққан жоқ. Барлық қатысушылар ең жоғарғы бағаға лайық еді. Конкурс нәтижелері бойынша 83 қатысушы жүлделі орындарды иеленді, солардың ішінде бас жүлде - 8 оқушы, I орын - 28 оқушы, II орын - 31оқушы, III орын - 16 оқушы.

   Конкурстың бас жүлде иегерлері Кондратенко Ангелина, 15 жаста «Размышления о войне» эссесі үшін Голубев Михаил, 10 жаста («Мы помним…»), Әли Төлен, 15 жаста («Мой дед - герой»), Сулейменов Абулхаир, 5 жаста композиторы Давид Тухманов, сөзі Владимир Харитоновтікі «День Победы» өлеңі үшін, Муксинов Энджия, 9 жаста музыкасы Алексея Ольханский, сөзі Елена Олейник «Бессмертный полк» өлеңі үшін Кымбатов Тимур, 9 жаста «Тучи в голубом» бейнеролигі үшін, Токатова Веста, 12 жаста сөзі мен музыкасы Анна Петряшеванікі «Я хочу, чтобы не было больше войны» өлеңі үшін, Ахмет Жандос, 14 жаста Сырбая Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін оқығаны үшін. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, конкурсқа қатысқандар қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.