ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кешенді олимпиада оқушыларының жетістігі
13-05-2020 09:31
Кешенді олимпиада оқушыларының жетістігі

   2020 жылы 12 мамырда Павлодар  қаласы  білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Сардар» қалалық  қашықтық  кешенді олимпиадасына № 24, 26, 30, 34, 35, 37, 39, 41, Кенжекөл ЖОМ, № 20 лицей-мектебінің 11 сыныптың 15 ұл балалары қатысты. Олимпиада мақсаты - қазақстандық  патриотизмді тәрбелеу, дене және спорттық  дағдыларын тексеру.

  Олимпиада 2 онлайн турда өткізілді: қатысушылар қазақ және орыс тілінде математика, физика, Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық бойынша тест тапсырмаларын және дене шынықтыру бойынша нормативтер орындады - кеудені жерден көтеру, бүгілген шынтақ деңгейінде тұру, бастапқы  қалпынан денені көтеру.

  Онлайн олимпиада қорытындысы бойынша № 20, 26, 30, 34, 39 мектеп оқушылары тестілеу және дене шынықтыру нормативтерін орындау бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Қалалық онлайн  олимпиада қорытындысы бойынша І орынды № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ильяс Сұлтан алды.ІІ орынға Колесников Артем № 26 ЖОМ және Ершенев Данияр (№ 30 ЖОМ), ІІІ орынға Бондарев Богдан № 34 ЖОМ, Куксаус Артур (№ 26 ЖОМ), Маратов Ерасыл (№ 20 лицей-мектебі) иеленді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады.