ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттерінде Абайдың көркем бейнелері
13-05-2020 09:46
Балалар суреттерінде Абайдың көркем бейнелері

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар көркемсурет мектебімен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Қаламынан өнер тамған» графика сайысының қорытындысы шығарылды. Байқауға 6 - 17 жас аралығындағы жалпы білім беретін мектептердің 70-ке жуық оқушылары қатысты.

   Қазылар алқасы 3 жас категориясында жеңімпаздарды анықтады: 6 - 9 жас, 10 - 13 жас, 14 - 17 жас «Портрет» және «Иллюстрация» номинацияларында. Балалардың суреттерінде Абайдың өмірі, ақынның бейнелері, суреттерде - пейзаждық бейнелер, жыл мезгіліндегі автордың өлеңдерінен сюжеттік суреттер бейнеленген. Олар акварель графикасы техникасында, қарапайым және түсті қарындашпен, фломастерлермен орындалған.

   Байқау қорытындысы бойынша 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды, 1 орын - 6, 2 орын - 6, 3 орын - 6 оқушы иеленді. Ынталандыру орындарымен: Асылхан Жанель, 7 жас (№ 33 ЖОМ), Юдина Алина, 14 жас (№ 33 ЖОМ), Тажипов Рустам, 12 жас (№ 43 ЖОМ), Шамраев Вадим 10 жас (№ 6 ЖОМ), Ходосовская Евгения, 15 жас (№ 9 ЖОМ), Маменова Дарья, 11 жас (№ 31 ЖОМ), Даир Наргиз, 12 жас (Қ. Макпалеев атындағы ЖОМ), Калиева Жанельдің, 16 жас (№20 лицей-мектебі) жұмыстары белгіленді.

  «Портрет» номинациясы бойынша I орынды «Абай Құнанбаевтің» суреті үшін Шмелева Ксения, 8 жас, №27 ЖОМ оқушысы, «Абай мұрасы» суреті үшін Әлібекова Алина, 15 жас, № 20 лицей-мектебінің оқушысы, «Абай. Жас жылдары» - Пелих Настя, 12 жас, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ оқушысы. II орынды «Абай-дара, Абай - дана қазақта» суреті үшін Инсебаева Саида, 8 жас (№21 ЖОМ), «Халықтың ұлағатты ұлы» суреті үшін Макатова Дарина, 12 жас (№9 ЖОМ), «Ойлану» суреті үшін Беленкова Настя, 15 жас (№ 21 ЖОМ), III орынды «Мен өзім үшін Абайды аштым» суреті үшін Нығманова Диана, 14 жас (№ 33 ЖОМ) иеленді.

   «Иллюстрация» номинациясы бойынша I орынды «Жаз суреті үшін 8 жастағы № 28 ЖОМ оқушысы Самошкина Полина, «Бүркітші» суреті үшін № 26 ЖОМ оқушысы Чумак Софья, «Абай кітаптары бойынша» суреті үшін Қ. Макпалеев атындағы ЖОМ оқушысы Полянцева Ангелина иеленді. II орын - «Желсіз түнде» суреті үшін Сүлеймен Арлан, 8 жас (№ 27 ЖОМ), «Жаз» суреті үшін Алькеева Дильназ, 11 жас (№ 38 ЖОМ), «Көзімнің қарасы» суреті үшін Оқасова Айгерим, 14 жас (№21 ЖОМ), III орын - «Жаз» суреті үшін Қайырбек Аяжан, 8 жас (№ 33 ЖОМ), «Қыс өлеңінің» суреті үшін Немова Милена, 13 жас (№ 26 ЖОМ), «Күз» суреті үшін - Герстенллауер Ирина, 15 жас (№ 38 ЖОМ) иеленді.