ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 29 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 29 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 15:24
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 29 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 29 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

Кабылдина Жулдыз Мырзабековна, бастауыш сынып мұғалімі

 

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы арқылы  дүниетану пәнінен  білім деңгейін көтеру

 

       Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби  шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу– деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін  көздейді.

      Бұл ғылыми жобада оқушылардың дүниетану пәнінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту және өздігінен ізденушілікке бағытталған.

1.      Жобаның өзектілігі

      Егер сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта пайлаланса, онда білім сапасы жақсарады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артады.

2.      Жобаның мақсаты мен міндеттері

2.1  Жобаның мақсаты

     Оқушылардың білім денгейін көтеруде дүниетану сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегияларын қолдану арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамыту.

2.2  Жобаның міндеттері

1. Оқушыларға кез келгенмазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

2. Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді іздестіру және саралау;

3.Дүниетану сабағында оқушылардың мәтінмен жұмыс жүргізу барысынды сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану

2.3 Жобаның мақсатты тобы

Бастауыш сынып оқушылары

3.      Жобаның шешімі (жаңашылдықты бейнелейтін жобаның негізгі идеялары)

      Жоба жұмысының материалдары мен талдаулары педагогикалық жобаның қосымшасына енгізілді. Оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады. Өз ойын еркін айтады. Өздігінен шешім қабылдауға ізденеді. Қорытынды тірек- сызба түрінде көрсетіледі
Бұл тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру болып саналатын білім деңгейінің өсуі қарастырылды.Мұғалім тарапынан тақырып бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәсілдерін пайдалануды талап ететін тапсырмалар құрастырылды.

4.      Зерттеу кезеңдері

Бірінші кезең (2015-2016) – Диагностика және ұйымдастырушылық 1 жыл)

Қамтылатын жұмыстар:

-       тақырыпқа байланысты әдістеме-дидактикалық материалдарды қарастыру, коучингтер, семинарларға қатысу;

-       тақырыптың мақсат, міндеттерін анықтау.

Екінші кезең (2016-2019) – ұйымдастыру-тәжірибелік (3 жыл)

Қамтылатын жұмыстар:

-  оқушылардың мәтінмен жұмыс кезінде туындайтын қиындықтарды анықтау;

-  тапсырмалар негізінде оқушыларды мәтінді қысқартуға және кеңейтуге үйрету;

- сыни тұрғыдан ойлау әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың ойларын дамыту.

Үшінші кезең (2019-2020) – рефлексивті-қорытындылау (1 жыл)

Қамтылатын жұмыстар:

-  әр оқушының оқу жетістіктерінің көрсеткіштерін талдау;

- сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда мұғалімнің жүргізген жұмысын саралау;

- тәсілдерді пайдалануда туындаған қиындықтарды және оларды шешу жолдарын анықтау

5.      Күтілетін нәтиже

Оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады. Өз ойын еркін айтады. Өздігінен шешім қабылдауға ізденеді. Нәтижесінде ұжымдық тұжырым қорытынды жасалады. Осы қорытынды тірек- сызба түрінде көрсетіледі.