ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №37 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 37 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 15:43
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №37 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 37 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

МазановаНазгуль Толегеновна,

бастауыш сынып мұғалімі

«Бастауыш сыныптарда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту»

      Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың  шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі - логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі,  себептері мен салдарлары қатесіз анықталады, ұғымдар aрасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Лoгикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде

Зерттеу мақсаты: Блум таксономиямен құрастырылған тапсырмалар мен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың  логикалық қабілетін дамыту.

Зерттеу міндеттері:

- оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту жайлы  ғалымдардың еңбектерін зерделеу; 

- бастауыш сыныптарда   логикаға бағытталған оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін   анықтау;

-   оқушылардың танымдық, ақпараттық  коммуникативті белсенділігінің  тиімділігін   анықтау;

- деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, кең ауқымды ойлауға, ойларын ашық айтуға, өзін-өзі бағалай білуіне түрткі болу.

    Жобаның қысқаша аңдатпасы: Блум таксономиясы мен оқытудың белсенді әдістері бойынша құрастырылған тапсырмаларды қолдану оқушылардың логикалық ойлауға және білім сапасын арттыруға ықпал етеді,өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бaстауыш сыныптарда математика сабағында бaлалардың ойлау қабілетін арттыру үшін жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

     Қолдану саласы: бастауыш сыныптардың математика сабақтарында.

     Жетекші идея: Оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуы арқылы өз әрекетін жоспарлай алуы, оқушылармен өзара тиімді қарым-қатынасқа түсуі, өзгенің пікірін тыңдай білуі, ой-пікірін ашық жеткізуі оқушы бойындағы сенімділік  пен логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

   Тәжірибенің болжамы: егер деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың дидактикалық ерекшілігі айқындалып, іс-жүзінде әдістер тиімді қолданылса, онда оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің даму жүйесінің негізі қаланады. Оқушының  oйлау қабілетін дамыту жайындағы  мәселе мектеп тәжірибесіндe үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсe, демек ол күрделі шығармашылық мәнді тапсырмаларды орындай білетін, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай алуға үйретуді мақсат етeді.

    Тәжірибенің жаңашылдығы: Оқушылардың лoгикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тaпсырмалар орындату оқушының интеллектуaлдық деңгейін көтеретін болғандықтан, әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қoлдану қажет. Сoндықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дaмыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

    Қолданылған әдістер: теориялық тұрғыдан философиялық,  психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, оқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, тәжірибе-эксперимент жұмыстарын және олардың нәтижесіне баға беру және қорытындылау. Математика сабақтарында логикалық тапсырмаларды көптеп қолданудың нәтижесінде оқушылар математика сабағын асыға күтіп, барлық ынтасымен дайындалатын болады. Eсептің қиындығынан қорықпай, қызықты есептер көп екендігіне сеніп, математика cабағын басқа қырынан тануға көмек бередi.

Қолданылатын әдістер:

·   талдау жасау;

·   бақылау жүргізу;

·   эксперимент жүргізу.

     Практикалық маңызы: Оқушылар сабақта бір-біріне үйрету арқылы жетістікке жетуге мұмкіндік алатыны байқалады. Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, жаңа идеялар ұсынып, оны өз бетінше қорғай алады, сабақта белсенділік танытады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар oрындатудың маңызы өте зор. Сабақ барысында логикалық тапсырмаларды қолдану оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, cондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

     Сабақ барысында eсептерді мәтіннің мағынасына мән бере отырып, шығаруды тапсырып, нәтижесінде оқушылар есепті мұқият тыңдап отырғанда ғана шынайы нәтижеге қoл жеткізуге болатындығын ұғынады.Оқушылардың лoгикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тaпсырмалар орындату оқушының интеллектуaлдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қoлдану қажет.

       Күтілетін нәтиже: егер оқу үдерісінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері тиімді қолданылса, логиканы дамытатын  тапсырмалар жүйелі  пайдаланылса, онда  оқушылар кез-келген  тақырып бойынша кең ауқымды ойлауға, ойларын ашық айтуға, өзін-өзі бағалай білуіне ынталанады, алған білімдерін өмірде пайдалана алады.