Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ Қ. БЕКХОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМ. К. БЕКХОЖИНА»
29-05-2020 14:50
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ Қ. БЕКХОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМ. К. БЕКХОЖИНА»

Төрехан Есет,

тарих пәні мұғалімі пәнінің мұғалімі

«Тарих сабағында критериалды бағалаудың әдіс тәсілдерін қолдану жолдары»

1.  Критериалды  бағалаудың тәжірибелік маңызы

Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгімен салыстырылады;

Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалаудың өзіндік маңызы:

Мұғалімдер үшін:

·   Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

·   Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

·  Сабақ берудің сапасын арттыруға;

·  Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

·         Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

·         Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

·   Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

·  Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

·   Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

·   Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

·  Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

·  Оның  оқуындағыта быстылықты бақылауға;

·  Оқуына қолдау көрсету үшін бағыталуына мүмкіндік туғызады.

      Күтілетін  нәтиже: қорыта  айтқанда,критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.