ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ № 19 ЖАЛПЫ ОРТАБІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 19»
29-05-2020 16:02
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ № 19 ЖАЛПЫ ОРТАБІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 19»

Арыстанбекова Жанар Кымбатовна,

бастауыш сынып мұғалімі

«Оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда Блум  таксономиясын қолдану»

      Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады. [https://ppt-online.org/138536]

      Өнімді, шығармашылық деңгей – анализ, талдау,  синтез, жинақтау, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

     Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес,білімді өз бетімен алу үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай,әдебиет пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, сонғы ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу керек.  Оқушының өздік жұмысын тиімдіұйымдастыруда ұсынылатын Блум таксономиясынанегізделген тапсырмалар жүйесінің алдына қоятын мақсаты да жоғарыдағымәселелерге байланысты құрылған.

   Осы орайда төмендегідей әдістемелік нұсқау ұсынамын:

1.Б. Блумның мақсат қою технологиясын тиімді пайдаланған оқушының «Мен шығармашыл тұлғамын» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға көзқарасы қалыптасатыны сөзсіз екенін ескеру қажет;

2.Оқушылар алған білімін өмірде пайдалана алатын әлеуметтенген құзыретті тұлға даярланады;

3.Деңгейлік тапсырмалар негізінде тұлғаның өз ісіне мақсат қоя отырып, оны іске асыру үшін әртүрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтап, жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалай алу біліктілігі және эвристикалық, ізденушілік әдістерге негізделген шығармашылық зерттеу мәселелерін шеше алу қабілеттілігі дамитынын ескеру қажет;

4.Тұлғаралық әлеуметтенуі негізінде коммуникативтік құзыреттілігі арттыру қажет;

5.Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретіп, талабын ұштап, қиялын дамыту керек;

6.Бір – бірінің, өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, бағалатуға  дағдыландыру қажет;

7.      Өздерінің нәтижесін көре білуге, оны бағалай білуге дағдыландыру тиіс;

8.Тез, әрі нақты ойлап, дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту;

9.Алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.