Рахимова Толкын Ныгметоллаевна,
бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану пәнінде проблемалық оқыту технологиясын қолдана отырып SMART мақсатына сай белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Применение технологии преблемного обучения по предмету «Познание мира» в формате SMARTпутём использования активных методов обучения
Т.Н.Рахимова өзінің «Дүниетану пәнінде проблемалық оқыту технологиясын қолдана отырып SMART мақсатына сай белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» атты тақырыбы бойынша ұсынылған тәжірибесінде басты назар білімдегі мотивацияға, өздігінен жұмыс жасау дағдысына, зерттеу, мәселелерді шешу құзыреттілігіне аудартылған. Тиімді оқыту технологиясына проблемалық оқыту технологиясын (BPL технологиясын) сәтті таңдаған. Технологияның мақсаты мен ерекшеліктерін айқындап көрсете алған. Мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екенін көрсетсе, ерекшелігіне оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болып, проблемаларды шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдай қалай пайда болатындығында және осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түсетіндігінде екендігін анықтап берген. Т.Н.Рахимованың тақырыбының өзектілігі: проблемалық оқыту технологиясы жүйесінде оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырады, оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалатындығында.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңінде жаңа мазмұнмен қатар «қысқа мерзімді жоспар», «критериалды бағалау», «дискриптор», «оқу мақсаттары», «дифференциация», «SMART» деген ұғымда да енді. Т.Н.Рахимованың жұмысындаосы ұғымдар мұғалімнің жұмыс нәтижесінде және нәтижеге апаратын сабақ жоспарынан көрініс табады делінген. Ал, сабақта ең бастысы құрылым және дұрыс қойылған сабақ мақсаты. Сабақтың мақсаты SMART форматына салатын болса күтілетін нәтижеге оңай қол жеткізуге болатынын айтады.Неліктен дүниетану пәні? Дүниетану пәні өте ауқымды пән. Кең және басқа пәндер сияқты проблемалық жағдайларға толы. «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнында адам, табиғат және қоғам, отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, тарих, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылғандықтан, проблемалық оқыту технологиясы ең ыңғайлы технологиялардың бірі деп есептейді. Көркем тілмен айтқанда пән мен технология «нан» мен «май» деп «нанға май жаққандай» деген пікірмен фактілейді.
Т.Н.Рахимова өзінің іс-тәжірибелік жұмысында негізгі үш ауқымды ұғымды басты назарға алады:
-тиімді оқыту технологиясы;
-SMART форматындағы сабақ мақсаты;
-оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері.
Осы негізгі үш ұғым сабақ жоспарында айқын көрінеді. Мақсат SMART форматына сай құралады. Тағы бір ерекшелейтін нысан «Білім таксономиясы». Соған сәйкес сабақ құрылымы Блум таксономиясына салынған және ойлау деңгейлерінің категорияларына сай әдістер де өз алгоритмі бойынша жүреді. Оқыту технологиясына сай проблемалық ситуация мен сұрақ та орын алады.
Нәтижесінде Дүниетану пәнінің мазмұны ашылып, мақсаты орындалуда. Көрсеткіштер пәнде күрделендіріліп берілген бөлімдер мен бөлімшелер диффиренсациясының жүзеге асурылуын білдіреді. Әрине жоғары нәтижеге жетудің себебі, таңдалынған проблемалық оқыту технологиясы тиімді жұмыс жасауда. Ал тиімді жұмыс белсенді әдіс-тәсілдердің дұрыс қолдананылуында, сондай-ақ нақты SMART форматында қойылған сабақ мақсаты, ал, Блум таксономиясының категориялары оқыту мен оқудағы болашаққа бағдарды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Т.Н.Рахимова өзінің жұмыс нәтижесінің дәлелі ретінде келесі жетістіктерді ұсына алады:
2017 жыл:
- «ПОНИ» халықаралық интеллектуалды турнирінің жеңімпазы. «В гостях у Пифогора» (жаратылыстану, дүниетану бағыты).
- «ZIAT» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы «Үлгілі сабақ», дүниетану пәні, диплом.
- «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы, республикалық ғылыми әдістемелік семинар қатысушысы, «Дүниетану пәнінен белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру», сертификат.
2018 жыл:
- Облыстық Білім, ғылым инновация орталығы, «Ең үздік» әдістемелік-дидактикалық құрал, 2 орын, диплом.
Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты.