ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №27 СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ – «STARKIDS» ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ
29-05-2020 17:35
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №27 СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ – «STARKIDS» ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ»  МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

 Басевская Алла Петровна, басшы, Юнаш Галина Анатольевна, әдіскер

      «Жалпы дамытушылық мектепке дейінгі мекемені «Starkids» дамыту орталығына ауыстыру бойынша бейімделген жоба»

      Бүгінгі әлем кешегі күнге ұқсамайды,ал ертеңгі  күн - бүгінгі күнге ұқсамайтын болады! Адамзат өміріндегі барлық салаларда динамикалық дамитын технологиялар енгізілуде. Заманауи адамдардың 65% қазір әлі жоқ мамандықтарды меңгеріп өседі.  Қазір түрлі технология саласында, жаратылыстану ғылымдарында, инженерияда жанжақты  дайындық пен білім қажет және сол дайындықты мектеп жасына дейінгі балалық шақтан бастау қажет.

     Заманауи уақытта білім берудің инновациялық жолдарға әсер ететін, бірнеше тенденцияларды атауға болады, бұл:

          1. Педагогтардың инновациялық білім беру ынталарына берілетін үлкен мүмкіндіктер;

          2. Білім беру қызметі нарығында мектепке дейінгі мекемелер арасында бәсекелестік қарым-қатынас тудыру.

    Ұсынылған тенденциялардан шығатын, инновациялық процестерді жүзеге асыру инновациялық жүйеге бағытталған:мектепке дейінгі білім беру қызметін басқарудың  жаңашылдығы, қызметкерлермен қамтамасыз ету, білім беру мазмұнын жаңарту.

      Берілген жоба мыналар негізінде құрастырылған: Қазақстан Республикасында білім беру объектілерінің қызметін жүзеге асыратын заңнамалық-құқықтық базасы;Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпығаміндетті мемлекеттік стандарттың талаптары.

   Бұл жоба білім беру парадигмдеріне ауысуды сипаттайтын, Қазақстан Республикасының заманауи білім беру саясаты мен ата-аналар қауымдастығының әлеуметтік тапсырысына сәйкес келеді. Білім беру сапасын басқару және мектепке дейінгі білім беру ұйымының мәртебесін өзгерту құралы болып табылады.

       Жобаның өзектілігі: мектепке дейінгі білім беру ахуалына қоғамнан қойылатын талаптар мен  мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамытуды қолдау бойынша білім беру жүйесіндегі мәселелер.

        Мәселе: мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамытуды процесін жүзеге асыру жолдарын жеткіліксіз қарастырылған.

      Жоба мақсаты: Әлеуметтік қоғамда баланың орнын тауып, бейімделіп кетуін қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық процесте мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамытудың педагогикалық стратегиясы мен тактикасын енгізу.

Жоба міндеттері: Мектепке дейінгі ұйымдарда  мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамытудың педагогикалық стратегиясы мен тактикасын енгізудің   құрылымдық-мазмұнды үлгісін педагогикалық процесте жобалау және енгізу:

1.Білім беру мазмұны мен формаларын жаңарту, жаңа педагогикалық технологияларды бейімдеу және енгізу үшін жағдай жасау;

2. Жаңа авторлық, қосымша бағдарламаларды бейімдеу және енгізу;3. Білім беру сапасын арттыру  тәсілі ретінде желілік өзара әрекетті ұйымдастыру;4. Ата-аналарды тәрбиелеу мен оқыту процессіне тарту;

 5. Шағынәлеумет субъектілерімен өзара әрекеттерді белсендіру.

   Жобаның жаңашылдығы: бұл «Starkids» дамыту орталығы жағдайында келешекте мамандықтарды меңгеруге бастапқы мүмкіндіктер беретін және мектеп жасына дейінгі балаларда ғылыми-техникалық шығармашылықтың басты негізін дамыту бойынша педагогикалық стратегияны жобалау арқылы  мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамытуға толық ұсынылған процесс. 

Жоба үш жылға құрастырылған және кезеңдерге бөлінген: дайындық, практикалық, қорытынды.

     Жобаның басты ерекшеліктері: білім беру салаларын біріктіруді ескере отырып, балалардың сараптамалық тәжірибе жасау және LEGO технологиялардың бұрыннан белгілі және заманауи әдістерін кешенді пайдалану арқылы мектепке дейінгі балаларды  ерте интеллектуалды дамытуға бағытталған,  заманауи деңгейде балалардың жеке және әлеуметтендіру жағдайында жүйе ұсынатын, тақырыпты-дамытуышылық орта құрастырылды, кабинеттік оқыту жүйесі енгізілді.

         Қызмет бағыттары білім беру модульдері арқылы іске асырылады: «Қызықты математика елі», «LEGO – мастер», «Сараптамалық», «АКТ – құзыреттілігі», «Мен әлемді бейнелеймін». Іс-әрекеттер жүйесі блокты және перспективті жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру өзгертулер енгізу арқылы жүзеге асырылады:

         1. Басқару –  негізіне  педагогикалық менеджмент;

         2. Қызметкерлерді дамыту – қызметкерлерді инновациялық қамтамасыз ету;

      3. Бағдарламалы-әдістемелік қамтамасыз ету – білім беру модульдеріне Бағдарлама әзірлеу;

         4. Білім беру мазмұнын жаңарту – «STEAM - технология» негізінде;

        5. Материалдық-техникалықя база – кабинеттік оқыту жүйесі;

       6.Создание новой предметно-пространственной среды системы образования в целом - смешанная среда обучения, которая показывает ребенку, как применять науку и искусство воедино в повседневной жизни.

    Әдістемелік қызметЖобаны, оның қызметін іске асыру орталығы болып табылады: білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдауды құрастыру, әдістемелік құралдарды құрастыру, педагогтардың өздігімен білімін жетілдіру, «Starkids»дамыту орталығының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату.

         Желілік өзара іс-әрекеттер –  Жобаны іске асырудың ең бір маңызды шарты, ол аймақтың білім беру ұйымдарымен өзара байланыс арқылы іске асырылады (соның ішінде мектеппен және мектептен тыс), жергілікті атқарушы органдармен, ата-аналар қауымдастығымен, өндірістік кәсіпорынла, қоғамдық бірлестіктермен.

   Педагогикалық  процесс мазмұны инварианттік бөлімде инновациялық технологияларды пайдалануды енгізеді: «Дьенеш Блогы», «Кюизенер таяқшалары», «Воскобович Геоконті», «Танграмм», «Жобалық іс-әрекеттер», «Сын тұрғысынан ойлау», «Венн шеңберлері», «АКТ»;  вариативтік бөлімде – Бағдарламалар: «Шахмат әліппесі», «LEGO-менің алғашқы ойыным», «LEGO-мастер», «Мен әлемді бейнелеймін!», «АКТ – мектепке дейінгі балаларға арналған дағдылар». Өздігімен және бірлескен іс-әрекеттер пайдаланылатын: Жобалық іс-әрекеттер,  Коучингтер(Маңызды! Шешімін бірге табу), Коллаборативті орта (Маңызды! Психологиялық ойлау, сенімді қарым-қатынастар).

     «STEAM - технология»  өз жобама негіз ретінде алып, біз бұл  іс-әрекеттердің балаларды шабыттандыратынын бақылап отырмыз  – ойлап тапқыштар, жаңашыл және көшбасшылардың келешек ұрпағы: ғалымдар сияқты зерттеулер жасайды, технологтар сияқты үлгісін жасап, инженерлер сияқты құрастырады, суретшілер сияқты бейнелеп,  математиктер сияқты аналитикалық ойлап және БАЛАЛАР СИЯҚТЫ ОЙНАУ!

       Күтілетін нәтиже: «Starkids» жобасы негізінде «STEAM-технология»  мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру  мен   жаңарту, ғылыми-технологиялық шығармашылықты, инженерлік ойлауды, практикалық және логикалық тәжірибе жасауды, түрлі жұмыс түрлерін біріктіруді, АКТ және сандық технология негіздерін меңгеруді іске асыруға мүмкіндік беретін, келешек ұрпақтың жаңа балабақша түлегін дайындау жатыр.