ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалық шақтан салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру
02-06-2020 11:12
Балалық шақтан салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру

Павлодар қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, бала кезінен дене шынықтырумен айналысуға көп көңіл бөлінеді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы аясында 2020 жылдың 1 маусымында «Радуга» үйлесімді даму орталығы - № 96 сәбилер бақшасында «Дені сау рух - дені сау ұлт!» атты дене шынықтыру - сауықтыру мерекесі өтті.

Балалардың мерекесіне Жасыбай батыр және әже қонаққа келді. Орталықтың тәрбиеленушілері арасынан «Жігіттер», «Батырлар» балалар командалары ойын түрінде арқан тарту, қаптарда жүгіру, спорттық викториналар, тәтті эстафета, «Тату отбасы», «Кенгуру» эстафеталарында жарысты. Одан кейін Жасыбай батыр жарысқа қатысушыларды әжеге қонаққа шақырды. Этноауылда балалар киіз үйге барып, Алтыбақанның құрылысымен танысты. Әже қонақтарға бауырсақ таратты, алма, апельсин, банан салынған себеттерді берді. «Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының дәл осындай түрлері балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, мектепке дейінгі балалардың дене және рухани-ерік қасиеттерін дамытуға, ынтымақтастық пен шығармашылық ойлау дағдыларын тәрбиелеуге ықпал етеді», - деп атап өтті балабақша директоры Майра Теміртасқызы Қожахметова.