ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу жылының музыкалық қорытындысы
04-06-2020 09:18
Оқу жылының музыкалық қорытындысы

Оқу жылын Балаларды қорғау күніне арналған есеп беру концертімен қорытындылау Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің педагог ұжымы мен оқушыларының мейірімді дәстүріне айналды. Биылғы жылы есеп беру концерті жаңа форматта - қашықтықтан өткізілді.

Концертке жас музыкан ттардың шығармашылық қойылымдары бар бейнефильм дайындалды. Оның ішінде, «Серпін» фольклорлық ансамблі, Н.Тілендиевтің «Жекпе жек» күйін орындады,  жоғары сыныптар хорының орындауында Л. Завальнюктің сөзіне жазылған Ю. Саульскийдің «Счастья тебе, Земля» әні өте шырқалды. Осындай жарқын калейдаскопта барлық музыкалық нөмірлер жан-жақтылығымен және түрлілігімен ерекшеленді: домбыраның терең, ерекше үні нәзік үнді саксофонға ұласты, гитараның тамылжыған үні қобыз бен фортопианода тебіренте орындауымен, балалардың нәзік дауыстары - мықты және ынтымақты хор үнімен үйлесті.

Оқу жылы ішінде оқушылар мектеп қоржынына 307 награда қосты, оның ішінде 56 оқушы гран-при иегері атанда, 66 оқушы бірінші орынға ие болды. Қашықтықтан оқыту кезеңінде 10 оқушы «Планета талантов» жобасы аясында халықаралық «Озорная весна» конкурс-фестивалінде аспаптық жанр-аккордеон номинациясында, аспаптық жанр-фортопиано номинациясында, І халықаралық «Мелодия души» шығармашылық конкурсында «Эстрадный вокал» номинациясында, 3 оқушы - республикалық «Мұрагер» кәсіптік онлайн конкурсында халық әні номинациясында, республикалық «Эрудит: өнер» олимпиадасының жеңімпазы атанды. Биылғы жылы 90 түлек мектеп бітірді, оның ішінде 45 түлек әртүрлі республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары болып табылады, 9 түлек алдағы уақытта музыкалық білім алуды шешті.  Мектептің әдіскері Марина Юрьевна Бойко «Түлектеріміздің музыкалық білімді жалғастыратыны және өз өмірлерін музыкаға арнайтыны өте қуантарлық жағдай», - деді.