ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік рәміздер күні
04-06-2020 12:12
Мемлекеттік рәміздер күні

2020 жылы 2 - 4 маусым аралығында Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар өткізілді.

Қаланың жалпы білім беру мектептерінде шаралар өткізіле басталды 2 маусымда «Мен патриотпын!» ең жақсы онлайн-селфи конкурсы, 3 маусымда «Менің Қазақстаным - Отаным» сурет байқауы  1 - 4 сыныптың 600 аса оқушылары қатысты.

Қаланың 120 аса педагогтары мен балабақша тәрбиеленушілері «Менің Қазақстаным» эстафетасына белсенді қатысты және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. 4 маусымда «Терезеде Қазақстан Республикасының туы» қалалық патриоттық акциясына 5000 аса оқушылар және қаланың мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері қатысты, Мемлекеттік тудың суретін салды және оларды терезеге орналастырды. Қала мектептерінде  «Көк тудың астында» сурет конкурсы өткізілді, 5 - 7 сыныптың  500 аса оқушылары қатысты.

Жасөспірімдер клубтарында «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы!» мемлекеттік рәміздер туралы тақпақчеллендж өтті,  «Жігер» клубының 300 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар көркемөнер мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған онлайн көрме өткізілді. Балалар техникалық  мектебі «Менің елімнің рәмізі» онлайн викторина ұйымдастырды. Балалар экология және туризм орталығымен 50 тәрбиеленуші арасында «Мемлекеттік рәміздер -ұлттық құндылықтар» онлайн квест-тайм өткізілді. Қаланың әртүрлі шараларында 15 мыңнан аса оқушылар мен білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.