18 жасқа дейінгі оқушылар арасында шахматтан облыстық блиц турнирінде 6 қатысушы көш бастап тұр, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 3 оқушы. Турнирдің 5-ші турының қорытындысы бойынша 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Төлегенов Амир, № 7 ЖОМ 3 сынып оқушысы, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Балмағамбетов Тимур, № 1 ЖОМ 8 сынып оқушысы, қыздар арасында № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Алдабергенова Камилла көш бастап келеді.
Жарыс финалды қосқанмен 6 кезеңнен тұрады, www.chess.com атты ойын платформасында қашықтықт форматында өтті. Барлығы 125 қатысушы болды. Мақсаты - шахматты насихаттау және танымал ету, талантты балаларды қолдау. Жарыстың ұйымдастырушысы облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығы болып табылады.