ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала педагогтарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту
08-06-2020 10:14
Қала педагогтарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту

Қоғамда педагогикалық мамандықтың беделі мен мәртебесін арттыру, педагогтардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамыту, білім беруде инновацияларды ілгерілету мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 80-нен астам түрлі кәсіби шеберлік байқаулар, пәндік олимпиадалар, білім беру ұйымдарының педагогтарымен 400-ден астам семинарлар өткізілді.Оқу жылы бойы қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға 3000-нан астам педагог қатысты, оның ішінде облысқа 300-ден астам, республикаға 80-нен астам педагог қатысты.

Тек «Үздік педагог  - 2020» қалалық байқауында қаланың 26 білім беру ұйымдарынан 41 қатысушы болды, оның ішінде 9 жеңімпаз және жүлдегерлер облыстық кезеңге қатысты. Байқаудың гран-при иегері - Есмакаева Гүлмира Болатқызы, № 21 ЖОМ тарих және география мұғалімі, республикалық педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған және тарататын география бойынша ашық және жабық түрдегі тест жинағының авторы. I орынды № 16 лицей-мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Елена Леонидовна Чайковская алды. «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2020» республикалық байқауының жеңімпазы. ІІ орынды № 37 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Қасымжанова Алия Егінбайқызы, № 126 балабақша тәрбиешісі Тукенова Айман Айтмұхамбетқызы, ІІІ орынды № 25 ЖОМ музыка пәнінің мұғалімі Асылбекова Назигүл Қырықбайқызы, № 11 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Садықов Рустам Талғатбекұлы, № 19 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Күзембаев Аян Санзыбайұлы, № 6 балабақша тәрбиешісі Жұмағожина Жанаргүл Нұрланқызы, № 16 лицей-мектебінің физика пәнінің мұғалімі Батаева Айжамал Сламбековна иеленді.

Атақ беру ережелеріне сәйкес «Үздік педагог»байқауы 4 негізгі критерий бойынша бағаланды - педагогтың кәсіби құзыреттілігі, білім беруді дамытуға қосқан үлесі, қызметінің нәтижелілігі, жеке шеберлігін және педагог тұлғасын бағалау.

Қала педагогтары жыл сайын қаланың және мектептердің әдістемелік қызметінің жүйелі жұмысының арқасында өз жұмысының жоғары нәтижелерін растайды. 9 жыл бойы олар республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болып табылады.Атап айтқанда, Жұмабаева Әсия Камалитденқызы, № 39 мектептің география пәні мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сараптамалық кеңесінің мүшесі, Ұлттық тестілеу орталығының тестін құрастырушысы және сарапшысы, «Экономикалық география» оқулығының, республикадағы ұсынылған оқулықтар тізіміне енген мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдардың және оқушыларға арналған практикумның авторы.Әсия Камалетдиновнаның оқушылары 30 жыл бойы география пәнінен облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Барвих Светлана Николаева, № 28 мектептің география пәні мұғалімі, ҰБТ бойынша сарапшы және тест құрастырушы, компетентті - бағытталған тапсырмалар жинағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынылатын оқулықтар мен әдістемелік құралдар тізіміне енді.

Жақсылықова Жанара Жұмағұлқызы, бастауыш сынып мұғалімі, оқулықтарды сараптау бойынша республикалық сараптау кеңесінің мүшесі, «Дүниетану» республикалық оқулығының авторы. Республикалық педагогикалық оқулар мен конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Терешкина Алина Генриховна, № 29 балабақша тәрбиешісі, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне арналған бағдарламалардың авторы, республикалық конкурстар мен педагогикалық оқулардың жеңімпазы.

Поляков Илья Олегович, № 34 мектептің информатика пәні мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын, оқулықтарын сараптау бойынша республикалық шығармашылық тобының мүшесі, «Жыл мұғалімі» қалалық және облыстық конкурстардың, информатика мұғалімдері арасындағы Халықаралық шығармашылық олимпиаданың жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізбеге енген информатика бойынша бағдарламалардың авторы.

Серікбаев Алмаз Сансызбайұлы, № 19 ЖОМ информатика мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларды, оқулықтарды сараптау бойынша шығармашылық тобының мүшесі, республикалық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпазы.

Оқу жылы ішінде олардың қатысуымен 100-ден астам қалалық, облыстық, республикалық семинарлар, тренингтер өткізілді.