ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Еңбек заңнамасы және білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы өзгерістер
09-06-2020 10:14
Еңбек заңнамасы және білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы өзгерістер

Бүгінгі күні Павлодар қаласының білім беру жүйесінде 6775 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде - 3278, мектепке дейінгі мекемелерде - 3054, мектептен тыс мекемелерде - 443. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 3011 мұғалімдерінің 893-і жоғары және бірінші санатты, 318-і сарапшы педагог, 817-і зерттеуші педагог, 17-і шебер педагог болып табылады.

«Педагог» бірыңғай ұғымы енгізілген «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы педагогтың кәсіби құқықтарын кеңейтеді. Заңда педагогтың материалдық қамтамасыз ету құқығы анық көрсетіледі. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға өсті, 4 жыл ішінде жалақыны 2 есеге арттыру көзделіп отыр. Осы шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 3 млрд. 157 млн. теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Педагогтердің біліктілігін арттырудағы маңызды фактор оларды аттестаттау болып табылады. Аттестаттау ережесі бойынша 2018 жылдан бастап жаңа біліктілік санаттары енгізілді: «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер». 2020 жылғы аттестаттауды есепке ала отырып, жаңа форматта аттестатталған педагогтардың үлесі 19% - ға ұлғайып, 48,2%-ға жетеді. Іс жүзінде, әрбір 2-ші педагог бүгінгі күні ұлттық біліктілік тестілеуден сәтті өткеннен кейін шеберлік санатын алды. Бұл білім беру ұйымдары мен білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің педагог кадрлардың сапасын арттыру көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мақсатты жұмысының нәтижесі. Магистр дәрежесі бар орта білім беру ұйымдарының ұстаздарына, негізгі жұмыс орны бойынша қосымша ақы белгіленеді АЕК 10 еселенген мөлшерінде алады. Қазіргі уақытта қала мектептерінде 140 магистр жұмыс істейді, осы төлем үшін жергілікті бюджеттен 49 млн.теңгеге қаражат қарастырылған.

Білім беру ұйымына бірінші рет қызметке кірісетін педагогтарға бір оқу жылы кезеңінде тәлімгерлер бекітіледі. Тәлімгерлікті жүзеге асыру үшін осы педагогқа базалық лауазымдық жалақының мөлшерінде (бұл бүгінгі күні 17697 теңгені құрайды) төлем ақы жүргізіледі. Педагогтердің тәлімгерлігін іске асыру үшін республикалық бюджеттен 18,4 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Педагогтарға олардың кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Заңда ұзақтығы 56 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы көзделген, бұрын кейбір санаттағы педагогтерде (мектепке дейінгі және қосымша білім беру) 42 күнді құрады. Бұл мақала қаланың 2170 педагогына қатысты болады, ол үшін жергілікті бюджеттен 130,1 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы мөлшері 100%-ға ұлғаяды (мысалы, 1 - 4 сынып жетекшілері БЛЖ-дан 25% болған енді 50% болады, 5 - 11 сыныптарда 30% болған, енді 60%-ға, 1 - 4 сыныптар мен математика, физика пәндерінің дәптерлерін және 5 - 9 сыныптарда басқаларын тексеру БЛЖ-дан 20% болған, енді 40% - ға, қазақ және орыс тілдерінде 25%-дан 50%-ға дейін артты), осы мақсаттарға жергілікті бюджетте 78,4 млн. теңге қарастырылған. Педагогтің жүктемесін қысқарту бойынша норма өте маңызды болып табылады. Заңда 2021 жылдың қыркүйегінен бастап орта білім беру ұйымдарында оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету көзделген.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша педагогтар үшін тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлемдері, санаториялық-курорттық емделуге жолдама алу үшін толық немесе ішінара төлемдер, оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде күнтізбелік жылда бір реттен кем емес лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы, денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету көзделеді. Жұмысқа келген және ауылдық жерлерде тұратын педагогтарды қолдау үшін көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ауылдық жерде жұмыс істейтін педагогтарға қолданыстағы заңнамада бар кепілдіктер сақталады: бұл 25 пайызға жоғары жалақы, коммуналдық қызметтерді төлеу, отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау. Бүгінгі күні Мойылды, Жетекші, Павлодар және Кенжекөл ауылдық әкімдіктерімен мұғалімдерге қатты отын сатып алуға қаражат беру мәселесі қарастырылды. Ағымдағы оқу жылында ауылдық жердің 195 педагогі отын сатып алу үшін орташа 15 мың теңге көлемінде бір реттік көмек алды.