ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің 112 педагогтары біліктілікті арттыру курсынан өтті
10-06-2020 10:05
Қала мектептерінің 112 педагогтары біліктілікті арттыру курсынан өтті

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жұмыста негізгі бағыттардың бірі біліктілікті арттыру курстары болып табылады. Елімізде карантин енгізілуіне байланысты педагогтардың біліктілігін арттыру курстары өз форматын өзгертті. 2020 жылдың наурыз айынан бастап олар қашықтық режимде өткізіледі.

2020 жылы қаланың білім беру ұйымдарының 112 педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында наурыз айында «Робототехника негіздері» тақырыбы бойынша № 2 ЖОМ 2 информатика пәнінің мұалімі екі апталық курстан өтті. «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында екі апталық курстан № 4, 6, 9, 12, 39, 40 мектептердің 6 педагогі өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында наурыз айында екі апталық курстан 31 мұғалім өтті. «Бағдарламалау негіздері сандық кеңістікті дамыту факторы ретінде» тақырыбында № 5, 34, 41, М. Әуезов атындағы ЖОМ информатика пәнінің 4 мұғалімі, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбында № 9, 21, 23, 42 мектептердің қазақ тілі пәнінің 4 мұғалімі, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыка арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбында  № 5, 6, 11, 16,18, 24, 28, 29, 36, 41, М. Әуезов атындағы орта мектептердің, «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының 13 музыка пәнінің мұғалімдері курстан өтті.

Педагогикалық шеберлік орталығында бір апталық және екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан 62 мұғалім өтті. 19 маусымда мектепте кәсіптік-бағдар беру жұмысына жетекшілік ететін мектеп директорларының 16 орынбасарларына, 10 шілдеде - № 25, 34, 37, 39, М. Әуезов атындағы ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ 6 психологтарына арналған курстар аяқталады. 15 маусымнан бастап 22 мұғалім екі апталық «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» атты курстан өтеді, аудиториялық режимде 19 математика, бастауыш сынып, биология, химия, тарих, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі мұғалімдерін білім беру мазмұнын жаңарту бойынша оқыту жоспарлануда.