ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалық шақты бірге қорғаймыз
10-06-2020 17:36
Балалық шақты бірге қорғаймыз

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 1 - 12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты жыл сайынғы Ұлттық ақпараттық кампанияны іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізеді. Мақсаты - жұртшылықтың назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелеріне аудару (182 Конвенция).

Ұлттық ақпараттық кампанияны іске асыру бойынша іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөліміне ұйымдардың еңбек қатынастарын жасаған кезде кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау туралы хат жолданды. Қаланың барлық мектептерінде онлайн режимде, БАҚ-та, Instagram-да жариялау арқылы балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне жол бермеу туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілуде. Бұл күндері онлайн көрмелер, «Бақытты балалық шақ» суреттер мен шығармалар байқаулары, дискуссиялар мен кездесулер, «Балалар еңбегі - қатыгездік шындық» дөңгелек үстелдер, «Біз бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» акциялары өткізілді, отбасылық құндылықтар мен бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтер көрсетіледі, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін тарта отырып, «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарында сенім телефондары жұмыс істейді және әрбір бала немесе ересек адам бала еңбек саласындағы өз проблемасын айтып, шешуге жауап ала алады.