ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің 97 оқушысы жазғы олимпиада мектебінің қатысушысы болды
11-06-2020 12:01
Қала мектептерінің 97 оқушысы жазғы олимпиада мектебінің қатысушысы болды

Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары  1 - 4 маусым аралығында онлайн-конкурсқа  және darin.kz сайтының олимпиадаларына қатысты. Қатысушылар, осы конкурста көп ұпай жинап, Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының математика және жаратылыстану бойынша (жазғы мектеп)  «Olympic Summer School» ақысыз онлайн-жобаға қатысуға таңдап алынды.

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы математика және жаратылыстану пәндері бойынша «Olympic Summer School» (жазғы мектеп) тегін онлайн-жобасын 2020 жылдың 1 маусымында алғаш рет іске қосты. Мақсаты - 1 - 6 сынып оқушыларын олимпиадаға дайындау, жаңа білім беру тәжірибесін алу мүмкіндігі, мектеп демалысы кезінде алған білімдерін кеңейту және тереңдету. Оқушыларды оқыту үш кезеңде өтеді.

Бірінші іріктеу кезеңіне Қазақстан өңірлерінен 9828 оқушы қатысты. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ең жоғары балл жинаған 1675 оқушы мектепке қабылданды, оның ішінде Павлодар қаласының 22 жалпы білім беру мектебінен 97 оқушы (№ 1, 2, 4, 6, 7, 17, 19, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 34, 36, 37, 39, 41, 43, Кенжекөл ОМ, Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы мектептер). 5 - 6 сыныптардың ең үздік 30 қатысушысы жазғы бейіндік ауысымға кәсіби мамандардың мастер-кластарына қатысуға, денсаулықты нығайтуға, алдағы оқу жылына күш жинауға мүмкіндік береді.