ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
721 жас маман қаланың білім беру ұйымдарында жұмыс істейді
18-06-2020 09:06
721 жас маман қаланың білім беру ұйымдарында жұмыс істейді

   Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында қазіргі уақытта 721 жасмаман жұмыс істейді. Жылдан жылға мектеп, мектепке дейінгі ұйымдар, қосымша білім беру ұжымдары жаңартылуда, жас мамандар зейнеткерлік демалысқа кеткен кадрлардың орнына келеді. Тек соңғы 3 жылда білім беру ұйымдарының ұжымдары 445 жасмамандармен толықтырылды, оның ішінде 27-ті жас маман Кенжекөл, Жетекші, Павлодар (№ 40 ЖОМ) және Мойылды (№ 38 ЖОМ) мектептерінде жұмыс істейді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мектепке келгеннен кейін оларға көтерме жәрдемақы, ауылда тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген кредит беру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

  Осындай жас мамандардың бірі - география пәнінің мұғалімі, Инновациялық Еуразия университетінің түлегі Қайыргелдинов Арман Бекболатұлы. 2018 жылы өзі оқыған мектебіне, Жетекші орта мектебіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген. Мектепке келгеннен кейін ол жас маманға тиесілі көтерме жәрдемақыны, ал 2020 жылдың маусым айында пәтер сатып алу үшін 4 млн. теңге сомасында жеңілдетілген несие алды. Енді Арман Бекболатұлы Жетекші ауылындағы жаңа пәтерде анасымен және 2 әпкесімен бірге тұрады.

  «Бұл мектептегі көптеген нәрселерге көзқарасым өзгерді, мен әлемді басқаша қабылдай бастадым. Балалармен жұмыс өте қызықты, ең бастысы өз еңбегіммен және білімімен балалардың құрметіне ие болу өте керемет сезім, мен күнде жұмысқақызығушылықпен барамын. Мұғалім ретінде өздігінен білім алумен айналысамын, курстарға қатысамын, күн сайын әріптестерімнен тәжірибе алуға тырысамын. Ұжым өте жақсы қабылдады, басында барлығы көмектесуге және кеңес беруге тырысты, әрдайым көмектесетін адамдардың болғаны өте қуанарлық жай», - дейді Арман Бекболатұлы. Ол сондай-ақ, өзінің география пәнінің мұғалімі Малахова Ирина Александровна туралы жақсы лебізін білдірді. Ол былай дейді: «Егер менде қиындықтар туындаса, ол мені әрдайым қолдап, ешқашан бас тартпауға үйретті.Әр сабақтан кейін мен біздің жерімізге, Қазақстантуралы көбірек білгім келді.Мен саяхаттағым келді, әлемді теледидар экранынан емес, шындығында, өз көзіммен көргім келді. Осының барлығы болашақ мамандықты таңдауға және жоғары оқу орнына түсуге себеп болды».

   Арман Бекболатұлы биылғы оқу жылында жас мұғалімдер арасында КВН-ға қатысып, финалист атанды.«Адал Ұрпақ» клубының жетекшісі болып табылады, оқушылар арасында экобағытпен айналысады, туристік үйірме жүргізеді. 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оның оқушылары «Менің кіші Отаным» қалалық байқауына қатысып, мектеп командасы «Ең үздік жоба» номинациясы бойынша марапатталды. 2020 жылы 3 сынып оқушылары «Туған Ертіс өңірі» байқауында «Өз жеріңді танып біл» жобасы үшін II орын алды.

   «Арман Бекболатұлы алғашқы жұмыс күнінен бастап өз мамандығы мен балаларын жақсы көретін жас маман ретінде өзін көрсете білді.Мұғалімдер ұжымы оңай сіңісе алды, әріптестеріне құрметпен қарайды. Мұғалімдер мен ата-аналар қоғамы арасында беделге ие. Мектеп пен ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысады. 2019 жылы жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтті. Қазір Арман Бекболатұлы 8-сыныптың сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің жұмысы жауапкершілікті талап етеді, ол қысқа мерзім ішінде балалардың сеніміне ие болды», - дейді мектеп директоры Өтегенова Зәуреш Қайроллақызы.