ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық «Үздік интерактивті сабақ» конкурсының қорытындылары
19-06-2020 10:00
Облыстық «Үздік интерактивті сабақ» конкурсының қорытындылары

   Облыстық білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестиваліне қатысу үшін оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізетін Павлодар қаласының педагогтарынан 10 өтінім берілді. Байқаудың іріктеу кезеңі 2020 жылғы 3 ақпан - 30 мамыр аралығында өтті, 2 - 9 маусым аралығында үздік жұмыстар фестивальдің қорытындысын шығару кезінде түсініктемені зерттеу және есепке алу үшін ақпараттық технологиялар орталығының сайтында жарияланды. Фестиваль қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 6 мұғалімі жүлделі орындарға ие болды.

   «Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша I орынды Павлодар қаласының информатика пәні мұғалімдері Айнұр Алтынсариновна Сыздықова (№ 7 ЖОМ), III орынды Мадина Оразханқызы Жұмабекова (№ 20 лицей-мектебі) иеленді.

   «Жаратылыстану-математикалық пәндер» бағыты бойынша II орынды  информатика пәні мұғалімдері Махаббат Қасенқызы Ибраим (№ 17 ЖОМ), Марина Николаевна Литвинчук (№ 26 ЖОМ) иеленді.

   «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша № 26 ЖОМ орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Анна Васильевна Резник III орынға ие болды. «Шығармашыл» номинациясы бойынша № 21 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Максим Иванович Шишлов облыстық білім беру басқармасының мадақтау грамотамасымен марапатталды.

  Фестиваль 6 бағыт бойынша өтті: жаратылыстану-математикалық пәндер, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш оқыту, сыныптан тыс оқыту, мектепке дейінгі оқыту. Фестивальдің мақсаты - білім беру үдерісінде интерактивті жабдықтарды қолданатын педагогтардың кәсіби шеберлігін қолдау, педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату және талантты және белсенді мұғалімдерді марапаттау.