ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас вокалистердің балалар ән байқауына қатысуы
22-06-2020 10:04
Жас вокалистердің балалар ән байқауына қатысуы

   «Бала дауысы - 2020» ұлттық балалар ән байқауына Павлодар қаласының № 24 ЖОМ төрт оқушысы қатысты. Байқауды «Жандану әлемі» қоры: Туған жерге деген сүйіспеншілікпен өткізді. Мақсаты - музыкалық-дарынды балаларды анықтау және қолдау, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және олардың қабілеттерін одан әрі дамытуға көмек көрсету. Байқаудың қашықтықтанөткені ріктеу кезеңінің қатысушылары алғыс хатпен марапатталды, сертификат және естелік сыйлық таралды.

   2 сынып оқушысы Ясмин Оспанова «Бала дауысы - 2020» байқауында «Анашым ана жаным», «Мен қазақтың қызымын» атты екі әнді орындады, сертификат алды, жетекшісі Идрисова Зибагүл Қауынқызы вокал бойынша мектеп педагогі алғыс хатпен марапатталды. Мектепте қыз өте жақсы оқиды, вокалмен 6 жастан бастап айналыса бастады. 2018 жылы мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен «Бүлдіршін» облыстық фестиваліне алғаш рет «Алақай» әнімен қатысып, жеңімпаз атанды. «Promenad» концерттік сахнаның ашылуында ән айтты. 2020 жылы «Робот Бронислав» әнімен «Көктемгі қиялдар» онлайн байқауына қатысып, II дәрежелі дипломант атанды. Үнемі мектептің іс-шараларына қатысады. Мектептегі вокал үйірмесіне қатысады, 2019 жылдан бастап Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде вокал бөлімінде оқиды.

   «Бала дауысы - 2020» байқауында 5 сынып оқушысы Садовникова Дарья «Туғанжер» әнін орындап, сертификат алды. Вокалмен мектептегі «Веселята» вокал тобында 7 жастан бастап айналысады, музыка пәнінің мұғалімі Марина Петровна Соловьева. Даша «Звезда удачи» халықаралық вокалдық байқауының, «Newstar» халықаралық байқаудың жеңімпазы (2020 жыл). Дарья укулелде ойнайды, әнайтуды, би билеуді ұнатады. Мектепте жақсы оқиды.

   2 сынып оқушысы Софи, Александр Ермоловтың «Будет» әнін орындап, сертификат алды. Вокалмен мектептегі «Алые паруса» вокал тобында 6 жастан бастап айналысады, мұғалімі Соловьева Марина Петровна. Софи өте жақсы оқиды, ән айтуды және би билеуді, сурет салуды, мүсіндеуді ұнатады. Павлодар қаласының «Triada sport dance studio» спорт және би студиясына қатысады.

   6 сынып оқушысы Суенова Малика «Мама мария» итальян тілінде ән шырқап, сертификат алды. Ол 7 жастан бастап мектептегі «Blekstar» вокал тобында вокалмен айналысады, мұғалімі Соловьева Марина Петровна. Малика мектепте жақсы оқиды, ән айтуды, би билеуді, саяхат жасауды ұнатады. 2018 жылы «Күзгі марафон» республикалық байқауында III орынды алды.