ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын қамту бойынша жобалар жіберілді
23-06-2020 10:42
Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын қамту бойынша жобалар жіберілді

   Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  жазғы кезеңде балалардың бос уақытын қамту бойынша «В зазеркалье онлай - 2020» жобасы жіберілді. Жоба музыкалық,шығармашылық қабілеттерін дамыту, спортпен қамту, қызығушылықтарына қарай мектеп жасындағы 3000 аса бала қамтылуымен әртүрлі конкурстарды қарастырады. Мақсаты - жазғы демалыс уақытында бос уақытты қамту, қызығушылығы боынша балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау.

   2020 жылғы 22 маусымда жоба аясында «Летняя палитра» қалалық қашықтық фестиваль өткізілді. Қаланың 18 жалпы білім беру мектептерінен 1 - 4 сынып оқушылары қатарынан 38 жас вокалистер қатысты. Фестивальдің негізгі шарты вокалдық шеберлік, бейнеролик дайындау кезіндегі креативтік жолдары, идеяның бірегейлігі,әртістілігі, шығармашылық мүмкіншілігі болып табылады. Оқушылар әртүрлі тақырыпта «Мамантенок», «Лето», «Школьная пара», «Это лето», «Мир, который нужен мне», «Раз ладошка»  38 бейнематериал ұсынды. Фестиваль қорытындысы бойынша 16 жүлделі орын, оның ішінде I орынды бір оқушы, II орынды - жеті, III орынды - сегіз оқушы ие болды.

   I орынды № 39 ЖОМ 2 сынып оқушысы Муксинова Энджия иеленді. Ол А. Ермоловтың сөзіне жазылған «Мир, который нужен мне» өлеңінің бейнеролигін ұсынды.  Энджия өте қабілетті қыз. Ол Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған, 1 - 4 сынып оқушылары арасындағы вокал, миниатюра және репортаж шеберлігі бейнеролигі «Ұлы Жеңіс» қалалық онлайн -конкурсында II орын алды.

  II орын алған қатысушылар арасында «Rainbow» ансамбль, № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушылары, «Голос дети - 2020» қалалық конкурста I орын алған, № 17 ЖОМ 1 сынып оқушысы Осокина Аврора, Павлодар қаласының музыкалық мектебінің оқушысы, мектеп және сыныбының іс-шараларына белсенді қатысады. № 39 ЖОМ 1 сынып оқушысы Нарижных Константин «Бүлдіршін - 2017», «Рауан - 2017», облыстық және қалалық байқаулардың бірнеше рет лауреаты атанды, «Бал бала - 2018» халықаралық байқаулардың жүлдегері. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.