ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының бос уақытын қамтуға арналған музыка мектебінің жобасы
24-06-2020 10:06
Қала оқушыларының бос уақытын қамтуға арналған музыка мектебінің жобасы

    Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2020жылғы22 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жаз - 2020» бағдарламасы аясында қала оқушыларының бос уақытын қамту үшін «Музыкалық альманах» жобасы бастау алды. Жобаны іске асыру нәтижесінде оқушыларда музыкалық аспаптар, олардың дыбыстары мен шығу тегі, композиторлардың шығармашылығы, музыкалық жанрлар, классикалық музыканы қабылдау сезімі, шығармашылықты дамыту туралы түсінік қалыптасады.

   Жоба аясында мектеп педагогтары «Астор Пьяццолла. Танго длиною в жизнь», «Музыкадағы ертегі кейіпкерлері», (Шароня Надежда Александровна), «Музыкадағы табиғат» (Краснощекова Ирина Леонидовна), «Ұлы Құрманғазы мұрасы» (Валеева Ирина Владимировна), «Его величество джаз (Колбасенко Елена Васильевна) бейне-дәрістер дайындады.

    Бірінші дәріс «Астор Пьяццолла. Танго длиною в жизнь» атты кітап көрмесі 22 маусымда XX ғасырдың екінші жартысындағы аргентиналық музыкант пен композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы өткізілді, оның шығармалары танго жанрын байытып, джаз мен классикалық музыканың элементтерін қамтитын қазіргі заманғы тілде таныстырылды. Балалар музыка мектебінің ютуб-арнасындағы дәрісті көргеннен кейін оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындады, суреттер салды, фото жіберді. Жоба соңында «Музыкалық альманах» альбомы жасалады, онда жобаның барлық фото-бейнематериалдары, дәріс жинақталды.